Алурлар | |
жоалур, алуа, алулу, лури | |
| |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
750 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
![]() |
450000 |
![]() |
300000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі наным-сенімдер |
Алурлар (жоалур — өз атауы алуа, алулу, лури) — Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы халық. Жалпы саны 750 мың. Конго Демократиялық Республикасында 450 мың адам, Угандадағы саны 300 мың адам.[1]
Тілі дхо алур тілі.[2] Диалектілері: йокот, нан, мамбиса, ваниоро.
Халықтың көпшілігі дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады, олардың ішінде ата-баба культі, тотемшілдік кең таралған.[3]
15 ғасырға дейін алурлардың ата-бабалары Эль-Газал мен Ақ Ніл өзендерінің аралығында өмір сүрді, содан кейін қазіргі Уганда аумағына қоныс аударды, онда олар жергілікті ленду және мади тайпаларымен, сондай-ақ банту халықтарымен (Бира, Банди, т.б.) араласты.
Негізгі дәстүрлі кәсіптері: жазық аудандарда – қолмен атқарылатын егіншілік (тары, жүгері, бұршақ, күнжіт, маниок), таулы жерлерде – мал ұстау (ірі қара, қой, ешкі). Қолөнерден – ұсталық, ағаш ою, төсеніш, себет тоқу дамыған.[4]
Қоғамдық ұйымның негізін көршілес-тайпалық қауым құрайды. Рулық бірлестіктер, касталық жіктелу, феодалдық қатынастар дамыды.
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |