Андре Стиль (1921-2004 жылдар), француз жазушысы [1].
Екінші дәрежелі сталиндік сыйлықтың иегері (1952 жыл). 1940 жылдан бастап Француз Коммунистік партиясының мүшесі болады. 1977 жылы Гонкуров академиясының мүшелігіне сайланады. Сондай-ақ атақты шахматшы Гарри Каспаровпен шахмат ойнаған. 1949 жылы «Кен өнеркәсібінің жұмысшылары» атты әңгімелер жинағы жарық көреді. 1952 жылы «Социалистік реализмге» атты әдеби-сыни кітабы басылып шығады. 1967 жылы «André» романы үшін «халық сыйлығына» ие болады. Романдары: «Құлау» (1960), «Сағаттың соңғы жартысы» (1962), «Виолина, жүр билейміз» (1964), «Романсон» (1976), «Кім?» (1969); «Ауыру» (1961) новеллалар жинағы және т.б.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|