Анемометрия - желдің жылдамдығы мен бағытын өлшеудің және тіркеудің әдістері, сондай-ақ осы мақсатта қолданылатын анемометр, анемограф сияқты аспаптардың құрылымы туралы ілім.
Анемометрлік барлау'- анемометрлік түсірімдер арқылы жердегі жел режимін зерттеу, сондай-ақ зерттелетін аудандағы әр пункт үшін жел режімінің орташа көрсеткішін алуға мүмкіндік беретін коэффициентті анықтау.
Анемометрлік түсіру - кейбір аумақта уақыттың белгілі бір сәтінде желдің таралуын зерттеу. Қаланың немесе аса тілімденген жердің микроклиматын зерттегенде қолданылады.[1]