Антетонитрус. Антетонитрустың ұзындығы — 8—10 метр. Африканың Орандж Еркін республикасының төменгі Эллиот тас топша қабатынан табылған. Салмыға — 2 тонна. Динозаврдың мойын омыртқасы, төрт беломыртқасы, құйымшағы, құйрық омыртқасы, қабырғалары, жауырыны, оң иық сүйегі мен екі шынтақ сүйектері табылған. Сүйектерді 1981 жылы Африканың Орандж Еркін мемлекетінен Китчинг атты ғалым тауып, «эвсклозавр» деген атаумен Бернард Прайс институтына тапсырған. Антетонитрус кейінгі Триас дәуірінде Оңтүстік Африкада өмір сүрген зауропод тұқымдастарының ең ежелгі өкілі. Ол төрт аяқпен жүретін жануар болған.