Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова

Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
Лауазымы
Ту
Ту
10-шы Қазақ КСР сыртқы істер министрі
қараша 1989 — желтоқсан 1991
Ізашары Михаил Исиналиев
Ізбасары Төлеутай Сүлейменов
Өмірбаяны
Білімі ҚазҰУ
Ғылыми дәрежесі Тарихи ғылымдарының докторы, Химия ғылымының кандидаты
Мамандығы Қазақстан тұрақты өкілі:
Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ: 1992 — 1999
Қазақстан төтенше және өкілетті елшісі:
Куба Куба: 1996 — 1999
Франция Франция: 1999 — 2003
Дүниеге келуі 12 мамыр 1948 (1948-05-12) (76 жас)
Алматы, Қазақ КСР

Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы (1948, Алматы) – қазақ және кеңес мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұңғыш тұрақты өкілі, Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 1-санатты Төтенше және Өкілетті елшісі, химия ғылымдарының кандидаты (1974) және тарих ғылымдарының докторы (1993).

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан[1][2].

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдап (1971), аспирантурасын (1974) бітірді. Кейін осы университетте кіші, аға ғылыми қызметкер (1974–78) болып жұмыс істеді.

Қазақстан ЛКЖО (комсомол) Орталық комитетінде бөлім меңгерушісі (1973–81); Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы (1981-1983) болып қызмет етті.

Шет елдермен достық және мәдени байланыс жөніндегі Қазақ қоғамы төрағасының орынбасары (1983–1989);

1989 жылғы қарашадан бастап 1991 жылғы желтоқсанға дейін Қазақ КСР-і Сыртқы істер министрі болып қызметті. 1990 жылы КСРО Президенті Горбачев Арыстанбекова Ақмаралға 1-санатты Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық рангын тағайындады.

1992-1999 жылдары Бірікке Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұңғыш тұрақты өкілі болып жұмыс істеді. 1996–1999 жылдары Кубадағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды.

1999-2003 жылдары Франциядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі қызметімен қоса ЮНЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілі болды. 2002 жылдан Халықаралық дипломатия академиясының вице-президенті (Париж), т.б. жауапты қызметтер атқарады.

1974 жылы «Кинетика и селективность гидрирования смесей органических соединений» тақырыбында кандидаттық диссертация, ал 2004 жылы «Казахстан и Организация Объединенных Наций: история, проблемы и перспективы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылым депутаты болды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://ru.calameo.com/read/0025301697fa0dca6ac3e
  2. https://abai.kz/index.php/post/13083