Балтық елдерінің кеңестік оккупациялануы 1939 - 1940 жылдардағы бірнеше кезеңді қамтиды.[1]
1939 жылдың қыркүйек және қазан айларында КСРО Балтық елдерін өзара ықпалдастық пакттарын қабылдауға мәжбүрлеген болатын. Осы құжаттарға сәйкес Кеңес Одағы бұл елдерде өзінің әскери базаларын құру құқығына ие болған. Бұдан кейін 1940 жылдың жазында Қызыл Әскер Балтық елдеріне басып кіріп, үкіметтерінің биліктен кетірген. Эстония мен Латвия президенттері қамауға алынып, Сібірге айдалады және сол жерде қайтыс болады. Кеңестік бақылау астында болған жаңа үкімет Кеңес Одағының құрамына кіруге өтініш жібереді. 1941 жылы Кеңес үкіметі „халық жауларын“ жаппай депортациялайды. Нәтижесінде, балтық халқы бір аптадан кейін бұл аймақты басып алған немістерді азат етушілер ретінде қабылдаған. [2]