Берг Федор Федорович

Берг Федор Федорович (15 мамыр 1794, Эстония, Сангасте – 6 қаңтар 1874, Санкт-Петербург) – табиғат зерттеушісі, генерал-фельдмаршал. Дерпт университетінде оқыған. 182226 ж. Орынбор губерниясында, Орал казак әскери желісінде әр түрлі жауапты әскери қызметтерде болды. 182526 ж. Үстіртке жіберілген экспедицияның басшысы. Экспедиция бағыты ғылыми болғанымен әскери барлау, отарлау, болашақта Үстірттен өтіп Хиуа хандығын жаулап алуға дайындық мақсатын ұстанды. 1825 ж. желтоқсанның 15-інде Сарайшық бекінісінен шығып, Каспий теңізінің шығысын жағалап Үстіртке, одан әрі Жем өзенін бойлай, Құрсай, Желтау таулары арқылы Арал теңізіне шықты. 1826 ж. наурызда Сарайшыққа қайтып оралды. Берг басқарған экспедиция өзінің жүрген жолында қазақ ауылдарын тонап, малдарын тартып алып, адамдарын тұтқындады. Қазақтардың қарсылығына ұшырады. Экспедиция аталған өңірдің салыстырмалы тұңғыш картасын түсірді, геология, гидрологиясын зерттеп, табиғатына сипаттама берді. Бірнеше геологиялық түсіндірме жасап, Арал теңізінің деңгейін анықтады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.