Кейс әдісі (ағыл. Case method, ситуациалық анализ тәсілі) – шын экономикалық, әлеуметтік және бизнес жағдаяттардың сипаттамаларын қолдануды үйрену тәсілі. Осы техниканы қолдана отырып жағдаятты зерртеп, мәселенің мәнін түсіну керек. Зерттелген мәліметке сүйене отырып мүмкін шешімдерді ұсынып, бәрінен ең жақсысын таңдауы қажет.
Кейс әдістері алғашқы рет 1924 жылы Harvard Business School Мектебінде қолданысқа енгізілді.
Harvard Business Мектебінің оқытушылары бизнес саласында аспирантура бағдарламасы үшін арнайы арналып жазылған ешқандай кітаптің жоқ екенін тез түсінді. Осы мәселенің ең алғашқы шешімі бизнес саласындағы жетекші практиктермен интервью өткізу және әйгілі менеджерлердің жұмыстары туралы мәлімет алу. Оған қоса олардың күнделікті істеріне қандай факторлар әсер ететіні туралы толық мәлімет жиналуы, сол мәліметтердің жазылуы олардың бірінші шешімі болды. Тыңдаушылар күнделікті өмірде қызымет атқарып жүрген ұйымдардың өз салаларында қандай мәселелерге тап болып, сол мәселеге қатысты анықталған факторларға сипаттамалар мен мәліметтер алады. Жұмыстың мақсаты - мәселемен танысып, мәселені өз бетімен не топ есебінде шешіп, шешімін шығаруы.
Кейс әдісі бизнес саласында білім алу саласында әлемде кеңінен қолданылады және беделін күннен күнге арттырып жатыр. Мысалы, XX-шы ғасырдың 50-інші жылдарынан бері бизнес-кейстер Батыс Еуропада кең таратылуда. Еуропаның озық бизнес мектептері INSEAD, LBS, HEC, LSE, ESADE теқ қана оқытуымен емес, бизнес-кейстерді құрастыруға белсене қатысып жүр.
Ресейде 90-ншы жылдары аяғынан бастап батыс мемлекеттерінен аударылған бизнес-кейстер пайдалануға енген. 2000-шы жылдарының бірінші жартысынан бастап бизнес-кейстерге қызығушылык өсіп жатыр – университтелердегі кейс-клубтар ашылып жатыр (Кейс-клубтар НИУ-ВШЭ, Г.В. Плеханов ат. РЭУ, МФТИ, Н.Э. Бауман ат. МГТУ және т.б.).
2000-шы жылдардың бірінші жартысынан бастап бизнес-кейс әдістері жаратылыстану-ғылыми және техникалық оқыту тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Мысалы, Journal of Chemical Education сәйкес әдістемелік құралдардын жүйелі түрде жариялады. Әртүрлі арнаулы білім оқытылуы барысында – техникалық, туристік, медициналық - бизнес-кейстер пайдалану тәжірибесі Ресейде де бастауын алды.
Бизнес-кейс – бұл арнайы әзірленген және нақты бизнес жағдайлар мәселесін қамтитын оқу материалы. Компания менеджменті бизнес кейстан ерекше шешімді талап етеді. Мұғалім бизнес кейстің шешу тәсілдерін сабақ үстінде бағыттайды. TiasNimbas Бизнес Мектебінің стратегиялық менеджмент профессоры, Джейми Андерсеннің пікірі бойынша бизнес-кейс жетістігі үш сынаққа тәуелді:
ЕСНН, бейкоммерциялық ұйымның жүргізген зерттеуіне сәйкес, бизнес-кейс тәсілін әзірлеуге және дамытуға мамандандырылған мұғалім және оқушылар арасында зерттеуге негізделген жағдайлар ең үлкен әйгілікке ие. Дәстүр бойынша бизнес-кейс академиялық мұғалімдер және компания менеджерінің серіктестігімен жазылады. Бүгінгі таңда ең үлкен Солтүстік Америка компаниялары туралы жазылған бизнес-кейс сұранысқа ие болып жатыр, өйткені дәл осы жерде ахуалдық талдау мәдениеті туындады.
Дегенмен 1990 жылдардың соныңан бастап, бизнес кейстерді әзірлеу барысында әйгілі рөлді Еуропалық жоғары білім беру орындарының профессорлары бастау алды. Халықаралық байланыстар нәтижесінде, Азияның профессорлары бизн-кейстің дамыту үдерісіне қосылды. Мәселен, Франция және Сингапурда орнатылған INSEAD Еуропалық бизнес мектеп, ,халыхаралық бизнес-кейс әзірлеу нарығында әйгілі қолбасшы болып табылады. 2008 жылы INSEAD ECCH European Case Award тоғыз дәрежесінен жеті жетістікке жетті.
Халықаралық мек емелер білім беру үдерісінде бизнес жағдайларды шығару тәжірибесінің дамытуына үлкен үлес қосып отыр. Бірінші кезекте, бизнес жағдайларды шығару әдісін консалтингтік және аудиторлық компаниялар сұхбат кезінде пайдаланады. Бұл әдіс, талдау және синтездеу ,нақты құрылымдалған кандидаттар қабілетін анықтауға және өз ойын білдіруге ерте сатысында мүмкіндік береді. Іріктеудің бастапқы кезеңі көбінесе корпоративтік іс-чемпионаты ретінде пайдаланылады. Сондықтан, Microsoft жыл сайынғы Ресейдің ең үздік студенттік командаларын біріктіретін, Microsoft Case Competition өткізеді.