Вена синусы

Үлгі:Infobox Embryology Вена синусы (sinus venosus) — 1) моллюскалар, шаянтәрізділер сияқты кейбір омыртқасыз жәндіктердің вена қаны орналасқан қуысы;
2) ланцетник тәрізді жүрегі жоқ организмдерде вена синусы деп вена қанын жинап, бірден құрсақ қолқасына құятын сыңар тамыр айтылады;
3) дөңгелекауыздылардың, балықтардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың кейбіреулерінде вена синусы деп жүректің ерекше бір бөлігі айтылады;
4) құстар мен сүтқоректі хайуандарда вена синусы жүректің оң жақ жүрекшесіне жатады.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев