Владимир Николаевич Бакулин (3.9.1939 жылы туған, Ресей, Камчаткадағы Петропавловск қаласы-7.12.2012, Алматы) — палуан, классикалық күрестен Қазақстанның еңбек сіңерген спорт шебері (1967), жеңіл салмақ (52 кг) дәрежесінде Еуропа (Германия, 1966), дүние жүзі (Румыния, 1967) чемпионы.[1]
19-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Мехико, 1968). Алматы политехникалық институтын бітірген (1965). 1970 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы. Күреспен 1958 жылдан айналысқан. Алматының “Буревестник” (1962—1965), “Локомотив” (1967—1973) спорт қоғамдарында жаттықты. Жаттықтырушысы — В.А. Псарев.[2]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |