Галла кенелері | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Electron micrograph of Floracarus perrepae attacking a plant
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
|
Галла кенелері немесе Берішкене, Төрт аяқты кенелер (лат. Tetrapodili – кенелер отрядына жататын жәндіктер.
Құрт тәріздес денесінің ұзындығы 0,1 – 0,6 мм, дене пішіні құрт тәрізді, алдыңғы бөлімі қысқа, қалқанмен бүркелген, (соратын ауыз аппаратымен және 2 жұп аяғымен) және артқы ұзын, (жүмсақ, сақиналы бүркеуімен). Өсімдіктер құрамындағы клеткаларды сорып, көпшілігі галлалардың түзілуіне жағдай жасайды. Галлаларда өмір сүріп көбейеді. Галла кенелерінің көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері, өсімдіктің вирустық ауруларын таратушылар болып табылады.
Дүние жүзіне кең тараған 1500-ден астам түрі бар, ТМД-да 150-ге дейін түрі бар. Өсімдіктердің жасушасындағы құрамын сорып сонда мекендейді, осыдан галладар пайда болады, (осыдан атауы шығып отыр). Кейбір түрлері өрмек бөліп шығарады. Көптеген берішкенелер ауыл-шаруашылығындағы дән өсімдіктеріне зиян келтіреді, өсімдіктердің вирустық ауруларының тасымалдаушысы.[1]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |