Гбайя | |
байя, манжа, мбакка, нгбакна | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,0 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Орталық Африка Республикасы |
760 000 |
Камерун |
150 000 |
Конго Республикасы |
10 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Гбайя (өз атауы: байя, манжа, мбакка, нгбакна)[1] — Орталық Африка Республикасының батысында (Банги қаласының шетіне дейін), Камерунның шығысында және Конго Республикасының солтүстігінде қоныстанған халық.[2] Жалпы саны 1050 мың адам. Негізгі қоныстанған елдері: Орталық Африка Республикасы - 760 мың адам, Камерун - 150 мың адам, Конго Республикасы - 10 000 адам.[3] Келесі этнографиялық топтарға бөлінеді: богото, бианди, були, т.б. Банда мен нгбандиге жақын.
Тілі - гбайя тілі.[4]
Сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бір бөлігі - христиандар.[5]
Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатыне егіншілік (маниок, құмай, жержаңғақ, фонио, жүгері, мақта) және мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал). Қолөнерден - ағаштан ою, қыш бұйымдар жасау, қоржын, төсеніш, сөмке, т.б. жасау.[6]
Әлеуметтік ұйымның негізін көсемдер басқаратын рулар мен көпбалалы қауымдар құрайды. Неке вирилокальды. Ата-бабалар культі мен табиғат күштері, музыкалық-би фольклоры кең таралған.
Елді мекендері өзендердің бойында орналасқан. Тұрғын үйлері – қабырғалары сабан аралас саздан, кейде тоқылған және саз балшықпен сыланған, төбесі аласа сабанмен жабылған дөңгелек лашық тәрізді.
Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі.
Негізгі тағамдары – жарма, бәліш, көкөніс, банан, сүт, балық.[7]