ЭКСПО 2012 (кор.2012 여수 세계 박람회) Халықаралық көрмелер бюросымен мойындалған дүниежүзілік көрме, Оңтүстік КореялықЙосу қаласында 2012 жылдың12 мамырынан бастап 12 тамызға дейін жалғасты. ЭКСПО тақырыбы: "Тірі мұхит және жағалау", және тақырыпшалар: "Мұхит пен жағалаудың сақталуы және бірқалыпты даму», «Жаңа ресурстық технологиялар» және «Шығармашылық теңiз қызметі". Экспо 2012 100-ден астам елдің қатысуы мен 8 миллион келушілерді күтуде.
Өткізу орны Жаңа порт алаңы 1,740,000 м2 Йосу қаласы, Чолла-Намдо (Оңтүстік Чолла) провинциясы – Көрме алаңы 250,000 м2
Өткізу мерзімі Мамыр 12, 2012 ~ Тамыз 12, 2012 (93 күн)
Ғимараттар Тақырыптық павильондар, Халықаралық павильондар, Халықаралық ұйымдар павильондары, Sky Tower (Аспан Мұнарасы), т.б.
Экономикаға әсері (болжалды) Экспо-2012 ұйымдастырушы ел көрмеден 12.2 триллион корей вонасын өнімінен және 5.7 триллион корей вонасын қосылған құнынан ұтатынын болжап отыр.
Болжалды қатысушылар мен келушілер саны 8,000,000 адам, 100 ел және 10 халықаралық ұйымдар
Халықаралық көрме Йосу Корея 2012 ресми қатысушылары2011 жылдың23 қазанына қарай 103 мемлекет, 8 халықаралық ұйым