Жалған теңгебалық | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Abbottina rivularis (Basilewsky, 1855) |
Жалған теңгебалық [Abbotіna (Pseudobіo) rіvularіs] – тұқы тұқымдасына жататын майда балық. Негізгі атамекені – Ресейдегі Амур өзені. Қазақстанда 1950 жылдардың аяғында Арал теңізі, Балқаш – Алакөл су алаптарында жерсіндірілген. Ұзындығы 12 см, салмағы 15 г-дай. Арқасы қоңыр сұр, бауыры ақшыл. Қанаттары шұбар, құйрық қанатының түбінде қара дағы бар. Тұмсығы төмен қарай иілген. Ернінің төменгі жағы үш қалақшадан тұрады. Аузы созылмалы, бентостық организмдерді алып жеуге бейімделген. Жалған теңгебалық су қойнауларының, өзекшелердің жағасына жалпақ табақша тәрізді ұя жасайды. Оған аналығы 1 жасында (ұзындығы 4 – 4,5 см болғанда) уылдырығын шашады. Уылдырықты аталығы басқа балықтардан қорғайды, сондай-ақ кеуде қанаттарымен ағыс туғызып, уылдырығын қозғайды. Кейде лай болған уылдырықтарын аузымен тазартады. Бұл – уылдырықтың таза болуына және ұядағы газ режимін қалыпты жағдайда сақтауға мүмкіндік береді. Жалған теңгебалықтың кәсіптік маңызы жоқ.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |