Куратов Иван Алексеевич | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні |
29. 11. 1875 |
Қайтыс болған жері | |
Қызметі |
жазушы |
Куратов Иван Алексеевич (19. 07. 1839, Кебра, қазіргі Коми ACCP-i, Куратово селосы — 29. 11. 1875, Верный, қазiргi Алматы қаласы) — коми жазушысы, тiл маманы, демократ–ағартушы. Коми әдебиетінің және әдеби тiлiнiң негiзiн салyшы. Вологда дiни семинариясын бiтiрген. 1860 жылы алғаш мұғалім болып, 1866 жылдан өмірінің соңғы күніне дейiн Жетiсуда әр түрлi әскери қызмет атқарды. Қазақтармен тығыз байланыста болды. Қазақ әндерін жинады. Куратов өлеңдерiнде өз мақсатын, халқының ауыр тұрмысын («Менің Музам», «Диуана», «Кедей жігіт»), еңбекші шаруалар бейнесiн суреттеп, кулак, чиновник, поп, монахтарды мысқылдайды. Ол Батыс және Шығыс классиктерiнiң шығармаларын коми тiлiне аударды. Коми тiлiнiң грамматикасын жасады. [1]