Иминишу Сылиби қаған Сымо[1], Ильби Незук Ирбис – бірінші Түрік қағанатының ыдырау кезеңінде билік құрған түркі қағандары бірінің қытай деректеріндегі есімі.Қаған болғанға дейін тегін лауазымын иеленген. 618 – 626 жылдары бірнеше рет Қытайға елшілік сапармен барып қайтқан. 630 жылдан бастап Таң императорынан әскери шен алып, түркі тайпаларына басқарушы болып тағайындалғанымен, іс жүзінде қытай императоры сарайында қызметте болды. 641 жылы Таң әулетінің ықпалымен ол өзі басқаратын тайпаны бастап солтүстікке қарай қоныс аударады, Ордостың шығыс жағындағы аймақты иеленеді. 644 жылы Иминишу Сылиби қаған Сымо түркі тайпаларының қысымына шыдай алмай Қытайға қашуға мәжбүр болды. 645 жылы ол қытай-қидан соғысына қатысқан.
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |