Иммунохимия

Иммунохимия – иммунологиялық реакциялардың химиялық механизмін және қатысушы заттарды (компоненттерді) зерттейтін ғылым, иммунология саласы.

Қатысушы заттарға мыналар жатады:

  • антигендер – биополимерлер (негізінен, белоктар, полисахаридтер), бұлар иммунологиялық реакцияларды жүргізеді;
  • қарсы денелер (антидене) – организмде антигеннің әсеріне қарсы түзілетін белоктар; қан сарысуынан (сывороткадан) алынатын – иммуноглобулиндер;
  • лимфоидты және басқа да клеткалардың рецепторлары және осы клеткалардан жасалатын заттар.

Иммунохимияның иммуноглобулиндердің құрылысын, антиген мен антителаның (қарсы дененің) реакция механизмін анықтауда; тазалығы жоғары матрицалы РНҚ бөліп алуда, кейбір антигендердің құрылысын анықтауда, т.б. маңызы зор. Иммунохимия көмегімен рецепторлардың химиялық құрылыстары зерттелді, ал рецепторлар арқылы лимфоидты клеткалар антигенмен әрекеттеседі. Антиген мен антител (қарсы дене) реакциясы көптеген ауруларды анықтауда қолданылады және де белоктарды анықтаудың ең бір сезгіштігі жоғары әдісі ретінде пайдаланылады.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том