Кваезитозавр

Кваезитозавр
Кваезитозавр
Кваезитозавр
Кваезитозавр
Кваезитозавр

Кваезитозавр — ұзын мойынды, шыбық құйрықты, есту қабілеті жақсы дамыған динозавр. Ол өз заманындағы түрлі шөптермен қоректенген. Кваезитозаврдың тұмсығы — кең, құлақтары — үлкен. Дөңгеленген тістері су өсімдіктерін жеуге бейімделген. Динозавр күніне өте көп мөлшерде өсімдік жеген. Ол осыдан шамамен 85 - 80 миллион жыл бұрын кейінгі Бор кезеңінде өмір сүрген. Қаңқалары Моңғолиядағы Гоби шөлінің оңтүстік-шығыс бөлігінен табылған. Қаңқа түгел емес бассүйектерінен ғана тұрды.

Қызықты дерек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Динозавр Моңғолияның Шар–Тсав деген жеріндегі Барун–Гойот қабатынан табылған.
  • Оған бұл атауды 1983 жылы Курзанов және Банников есімді ғалымдар берген болатын.
  • Мезозой дәуірінде ол жердің табиғаты жартылай шөлейтті болатын.

Мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қорегі : өсімдіктер
  • Салмағы : анықталмаған
  • Тұқымдас : Диплодоцид
  • Отряд тармағы : Зауроподоморф [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы