Келіншекшөп

Келіншекшөп(Chaetolіmon) – қорғасыншөп тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қызылқұм (Бетпақдала), Түркістан, Қаратаудың тасты беткейлерінде, қызыл сазды, тастақ шөлдерде тікенді Келіншекшөп (Chaetolіmon setіferum) түрі өседі. Биіктігі 20 – 40 см, тамыры жуан, жапырақтары тамырын айнала қоршап, жертағандап орналасады. Олардың ішкі орамы (жазғысы) етжеңді, жалпақ, кейде дөңгелек жебе тәрізді, ал жазғытұрымғы жапырағының сыртқы орамы – жұмсақ, жұқа, тез қурап қалады. Гүлсидамдарының саны – 2 – 12, тік, сынғыш келеді. Гүлшоғыры – бір не екі гүлді масақ. Гүлінің күлтесі – ірі, желегі негізінен бос орналасады. Тек түбінде ғана біріккен, ақшыл қызғылт түсті. Тостағаншасының ұзындығы 12 – 14 мм, ені 1 – 1,5 мм, түтік тәрізді. Сәуір – маусымда гүлдейді, мамыр – маусымда жемістенеді. С. Арыстанғалиев

[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том