Кепілдіктер

Кепілдіктер - машиналар мен жабдықтарға арналған келісімшарттарда, әдетте, кепілдік шарты атап көрсетіледі, ол бойынша сатушы белгілі бір кепілдік мерзімінде өз тауарының сапалы болуын жауапкершілігіне алады. Мұнда сатушы беретін кепілдіктің көлемі, кепілдік мерзімі,сатушының тауарда ақау байқалған немесе ол шартқа сәйкес болмаған жағдайдағы жауапкершілік міндеттемесі белгіленеді[1].

Кепілдіктердің түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1. Банктік кепілдік – Банктің басқа ұйым (Бенефициар), банктер немесе фирмалар алдындағы олардың бірінші талабы бойынша белгілі ақша сомасын төлеуге жазбаша міндеттемесі. Кепілдік (тапсырма) кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асырушы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және кепіл шарты бойынша нақтылы міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі бар барлық жеке (Принципал) және заңды тұлғаларға беріледі.

2. Төлем кепілдігі — кепіл берушінің бенефициар пайдасына, егер олар осы міндеттемелерінің шарттарына сәйкес жазбаша төлем талабының ұсынған жағдайда, басқа да құжаттар қажет болған кезде, ақшалай қаражаттарын төлеу міндеттемесі. Төлем кепілдігі тәртіп бойынша алдын ала келісілген мерзім шеңберінде шарт құнын төлеу бөлігінде сатып алушыға қатысты сатушының талаптарын қамтамасыз етеді.

Несиені өтеу кепілдігі — кепіл берушінің борышкерге қатысты, егер ол несие шарты бойынша қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда туындайтын, кредитордың төлемдік талаптарын өтеу міндеттемесі.

Тендерлік кепілдік — ол бойынша кепіл беруші (егер принципал өз міндеттемерін орындамаған жағдайда) кепілдікте алдын ала келісілген сома шеңберінде бенефициар пайдасына төлем жасауға міндеттенетін тендер жүргізілетін елдегі саудаға қатысушылардың (принципал) сұранысы бойынша берілген кепіл берушінің міндеттемесі.

3. Орындау кепілдігі — ол бойынша кепіл беруші бенефициар пайдасына көрсетілген ақша қаражаты шеңберінде төлем жасауға міндетті болатын немесе (егер бұл кепілдікте көзделмеген болса) принципал оның шарттарын өз дәрежесінде орындамаған жағдайда, бенефициар мен принципал арасында жасалған келісімшарттың орындалуын қамтамасыз етуге принципалдың (сатушы, жеткізуші) сұрауы бойынша бенефициарға (сатып алушыға) ұсынылатын кепіл берушінің міндеттемесі.

4. Төлемді қайтару кепілдігі — егер принципал кез келген соманы немесе аванстық немесе оған бенефициар төлеген сомаларды келісімшарт шарттарына сәйкес төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, кепіл беруші ол бойынша бенефициар пайдасына төлем жасауға міндетті болып табылатын принципалдың өтініші бойынша кепіл берушінің бенефициарға ұсынатын міндеттемесі.

Кедендік кепілдік — ол бойынша кепіл беруші бенефициар пайдасына кедендік баж төлемін төлеуге міндетті болатын, Принципалдың өтініші бойынша бенефициарға (кедендік органдар) ұсынылатын кепіл берушінің міндеттемесі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9