Китаб Футух Әл-Бұлдан

Китаб Футух Әл-Бұлдан (“Жорық кітабы”) – Әбу-л-Аббас Ахмед әл-Белазуридің тарихи шығармасы. Шығармадағы әр тарау хронологияллық жүйеге сүйеніп жазылған. Еңбекте арабтардың Хорасан мен Мауераннахрға жорықтары, Араб халифатының тарихы, экономикасы мен мәдениеті, әскер күші, сауда қатынасы, салық жүйесі туралы мәліметтер берілген. Әсіресе, Орталық Азиядағы түргештердің арабтарға қарсы күресі, араб қолбасшысы Кутейбаның Шаш пен Испиджабқа жасаған жорықтары мен ортағасырлық Түркістан өңірі туралы құнды деректер келтірілген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1], т. 1, М. – Л., 1938;
[2], М. – Л., 1960

  1. Материалы по истории туркмен и Туркмении
  2. Арабские источники VҚҚ – X веков по этнографии и истории Африки южнее Сахары

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том