Клецки

Клецка әзірлеу үшін көбіне бидай ұнын, манный жармасын, тарыны, картопты пайдаланады. Клецканы дербес тағам (май қосылған, туралған сыр қосып қайнатылған клецка) ретінде де, сорпаларға салуға арналған тағам ретінде де пайдаланады. Қайнаған суға немесе сорпаға тұз, сары май салып, бидай ұнын немесе манный жармасын ұдайы араластыра отырып себеді; сонан соң 6—8 минут қайнатыл, оттан түсіреді. Алынған қоспа (беті қабыршақтанып қалмас үшін әлсін-әлі араластыра отырып) суытылады. Жылы қоспаға шикі жұмыртқаны жарып салып, жақсылан араластырады. Клецкаларды шай қасықпен қайнаған сорпаға 5—7 мииутқа салады. Дайын клецкалар сорпалық бетіне қалкып шығады; оларды кепсермен түсіріп алады. 4 тарелка сорпаға клецка әзірлеу үшін: стақанның 3/4 бөлігіндей сорпа немесе су, стаканның 1/2 г бөлігіндей манный жармасы (немесе бидай ұны), 1 жұмыртқа, 2 ас қасық сары май, дәміне қарай тұз қажет.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9