Колпаковский қызғалдағы

Колпаковский қызғалдағы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Liliales
Тұқымдасы: Liliaceae
Кіші тұқымдасы: Lilioideae
Тегі: Tulipa
Түрі: T. kolpakowskiana
Екі-есімді атауы
Tulipa kolpakowskiana
Regel, 1877

Колпаковский қызғалдағы (лат. Tulipa kolpakowskiana) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Қазақстанда Солтүстік Тянь-Шаньдағы Іле Алатауында, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында кездеседі. Таудың тасты, қиыршықтасты беткейлерінде, жарықтарында, құздарында өседі. Биіктігі 15 – 35 см, жуашығының пішіні жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 3 см-дей, сыртын қара қоңыр қабық жапқан. Сабақтары жіңішке. Жапырақтарының саны үшеу, төменгілері қандауыр, жоғарғылары таспа сияқты. Дара гүлі сары түсті, сабағының ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ, ұзындығы 2 – 4 см, ені 1,5 см-дей. Колпаковский қызғалдағы – сәндік өсімдік, жылдан-жылға таралу аймағы қысқаруда. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Биіктігі 15-35 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1,5-2 см, қара қоңыр, терілі, ішкі жағының ұшы жатаған қалың түкті қабықты. Сабағы жалаңаш; жапырақ саны - 3-5, шамалы алшақ орналасқан, кірпікшелі, әдетте гүлден биік, төменгісі таспа тәрізді, ені 1- см. Гүлі біреу ; гүл шанағында бүтілген, гүл серігі сары, ұзындығы 2,5-6 см, сүйір, сыртқыларының жотасы көбіне күлгін реңді, кері сопақша, ішкілерікері сопақша таспа тәрізді; аталықтары гүл серігінен 2-3 есе қысқа, тозаңдықтары сары, жіпшелерімен тең; түйіні аталықтардын шамалы қысқа, аналық аузы орнықты дерлік[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Tulipa kolpakowskiana Regel Описание таксона.
  2. Тюльпаны и другие луковичные растения Казахстана. Tulipa kolpakowskiana - Тюльпан Колпаковского.