Лапта — орыстардың спорт ойыны, таяқша (бита) мен кішкентай доппен ойналады.
Лапта алаңының ұзындығы 45—55 метр, ені 25—40 метр болуы керек. Ойынға екі топ қатысады, әрқайсында кемінде төрт адам болады.
Бұл ойын туралы алғашқы тарихи деректер XIV ғасырға жатқызылады.[1]
1996 жылы орыс лаптасының федерациясы құрылған болатын.