Лев Яковлевич Карпов (1879 жыл 18 сәуір, Киев - 1921 жыл 6 қаңтар, Мәскеу) - кеңес химия өнеркәсібін ұйымдастырушылардың бірі, Ресейдегі революциялық қозғалысқа белсене қатысушы. 1897 жылдан Коммунистік партия мүшесі.
1910 жылы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген. Воронежде «Солтүстік жұмысшы одағын» ұйымдастыруға қатысты. 1903 жылы РКДЖП ОК-нің тапсыруымен оның Шығыс бюросын (Самарра), 1904 жылы Оңтүстік бюросын (Киев) басқарды. Полтавада астыртын баспахана ұйымдастырды. «Алға» газетін құрушылардың бірі (1904). Мәскеудегі Қанды жексенбі (1905)-ке қатысты. 1906-1907 жылдары РКДЖП ОК-нің хатшысы. 1911-1915 жылдары Ресейде скипидарлы-канифоль өндірісін ұйымдастырумен шұғылданды. Алғаш рет хлороформ және сұйық хлордың отандық өндірісін қалыпқа келтірді. Бүкіл одақтық халық шаруашылығы кеңестік президиумының мүшесі.
Қызыл алаңдағы Кремльдің іргесіне жерленген.[1]