Лимфангион

Лимфаның бір лимфангионнан екіншісіне қозғалуы

Лимфангион (ағылш. lymphangion) — екі жарты (жарты ай тәрізді) қақпақшалар (valves) арасында орналасқан лимфа тамырының функциялы бірлігін білдіреді.[1] [2]

Лимфа тамырлары лимфа қылтамырларына (lymph capillaries) қарағанда үлкенірек каналдар болып, ол қалың жақтаулы, люменінде қақпақшалары бар, жақтауларында майда бұлшықеттері бар, сондықтан лимфа тамырлары лимфангионы бұлшықет болып табылады және өздігінен жиырылуға қабілетті. Сондай-ақ, ондағы лимфа тек оның жақтауларына сырттан әсер ететін күш арқылы ғана алға жылжиды. Мұндай күштерге қаңқа бұлшықетінің жиырылуы және күретамыр пульсациялары жатады. Бұдан басқа, тыныс алу кезіндегі ауа жұту да люмен ішіндегі сору қысымымен қамтамасыз етеді.

Жарты қақпақшалар лимфа ағынын бағыттап отырады, әрі бірінші лимфангиондағы қысым келесі лимфангиондағы қысымнан зор болғанда қақпақшалар ашылады. Алғашқы лимфангиондағы қысымның артуы лимфа тамырларындағы майда бұлшықеттер жиырылуынан болуы мүмкін, немесе лимфа қылтамырларында жақтауларға сырттан әсер ететін қысым салдарынан болуы мүмкін. Тағы бір жағдайда, келесі лимфангион ішіндегі қысым ауа жұту тынысы секілді теріс қысымға байланысты төмендеуі мүмкін. Лимфа келесі лимфангионға ағып кіргенде, ол алдыңғы лимфангионға оралмайды, өйткені жарты қақпақшалар тығыз жабылады.

Лимфа қысымы зор болған жағдайда, қақпақшалар істен шығуы мүмкін және лимфаның кері ағуы туып, нәтижесінде лимфа арнасында домбығу (edema) пайда болуы мүмкін. Лимфа бездері арнасында, немесе қантамырдың мәлім бөлігінде патологиялық мәселе пайда болғанда, лимфа ағынының бітелуінен осындай жағдай тууы мүмкін.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Mislin, H (1961). "Experimental detection of autochthonous automatism of lymph vessels. [German]". Experientia 17: 29–30. doi:10.1007/bf02157935. 
  2. Venugopal, AM; Stewart, RH; Laine, GA; Dongaonkar, RM; Quick, CM (Aug 2007). "Lymphangion coordination minimally affects mean flow in lymphatic vessels". Am J Physiol Heart Circ Physiol 293 (2): H1183–9. doi:10.1152/ajpheart.01340.2006. PMID 17468331.