Мари Демаре

Мари Демаре (лақап аты Шанмеле) (18 ақпан 1642, Руан, - 15 мамыр 1698, Париж) - француз актрисасы. Сахналық өнер жолын Руан театрынан бастады. 1668 жылы Парижге қоныс аударды. 1669 жылдан осындағы "Маре", "Бургундия отель" (1670-79) және "Комеди Франсез" (1680-97) театрларының труппасында қызмет етіп, Гермиона, Федра, Береника (Расиннің осы аттас трагедияларында), Ариадна (Корнельдің осы аттас трагедиясында) т.б. рөлдерді орындады. Шанмеле - Жан Расиннің шәкірті. Франция театры тарихында актриса есімі Расин трагедияларының басты кейіпкерлерін тұңғыш орындаушы ретінде белгілі. Оның өнері сахналық шартты қимыл мен өлең жолдарын мәнерлеп оқу секілді класцистикалық ойын ережесін тұжырымдады. Сахна өнерінен 1697 жылы қол үзді[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 177 бет