Метрдотель — кәсіпорынның тазалығын, келген қонақтарға ыңғайлылықты ойластыратын қызметкер. Даяршы қонақты үстелге отырғызып, мәзірмен таныстырады. Мәзірді сол жақтан алдымен әйелдерге береді. Картонмен қапталған мәзірдің бірінші бетін ашып беру керек. Тапсырысты тұтынушының оң жағынан қабылдайды. Тапсырысты сауда залдарында роз-терминал (кассалық аппарат) бойынша жасауға да болады.[1]
Метрдотель (фр. maître d'hôtel) – мейрамханаға келушілер мен қонақ үйдің тұрушыларына қызмет көрсетуді бақылайтын қызметкер болып табылады. Кішігірім мейрамханаларда ол даяршы қызметін де атқаруы мүмкін. Кез-келген мейрамхана жалпы түрде екі аумаққа бөлінеді:ас бөлмесі мен асты ішу орнына. Бас аспаз ас бөлмесін басқаратын болса, метрдотель ас ішу орнын басқарады[2]. Сонымен қатар, метрдотельді бар, кафе немесе мейрамхана менеджері ретінде де қарастырады. Метрдотель даяршылар мен күзетшілердің қызметін бақылап, басқарып отырады. Оның қарамағында барлық штаттан тыс жұмыс болады. Ол сонымен қоса, психолог қызметін де атқара алуы керек. Мейрамханаға келген қонақтардың көңіл-күйінің жақсы болуы оның қолында. Олардың кейбіреулеріне үстел таңдайды, олармен әңгімелеседі, кеңеседі. Кейде мейрамхана беделі тек метрдотельдің жұмысына ғана байланысты болады[2]. Өкінішке орай, клиент пен даяршы арасында әрқашанда түсіністік бола бермейді. Сондықтан, метрдотель даяршыға психологиялық көмек пен қолдау көрсету керек, әрине залдан тыс жерде. Метрдотельдің кваливикациясы туралы оның жұмысына қарап айтуға болады, жақсы метрдотельді қызметкерлер сөзсіз-ақ түсініп жатады.
Қазіргі заманғы метрдотель мынадай қызметтерді атқарады:
Бұл қызметте базалық білім қажет етілмейді. Осы қызметпен айналысу үшін тартымды сыртқы келбет пен жақсы сөйлеу мәнері қажет ( кейде, ағылшын тілінде жақсы сөйлеу керек). Жақсы метрдотель болу үшін мейрамханалық қызметтің барлық жақтарын жақсы білу керек, негізінен метрдотельдердің көпшілігі бұрында даяршы қызметін атқарған. Жалпы қызмет жоғары білімді талап етпейді, бірақ егер де туризм немесе мейрамхана қызметін бітірген жағдайда, ол жұмысқа тұрарда көмектеседі.
Метрдотель клиенттерге қызмет көрсету мен үстелді жабдықтау ережелерін, тамақтардың ассортименті мен олардың сипаттамасын, сусындардың аттарын және олардың бағаларын білулері керек. Сонымен қоса, бақылау- кассалары аппараттарында жұмыс істей білуі керек. Көбінесе шет тілдерді білулерін талап етеді.
1. Өз лауазымды мiндеттерiнiң лайықсыз орындау немесе орындамауына, осы лауазымды нұсқаумен ескерiлген – ҚР-ның Еңбек заңының нақтылы шектердегi жұмыс iстеу үшін;
2. Заттық залалдың келтiруiне – ҚР-ның Еңбек және Азаматтық заң нақтылы шектерінде жұмыс iстеу үшін;
3. Заң шығарушы органмен орнатылған гигиеналық талаптарды ұстануға, талаптар мен еңбекті қорғау нормалары және жұмыс орында қауіпсіздік ережелерін ұстану үшін жауапты;
4. Айқын және жылдам клиентке қызмет көрсету, тапсырысты және клиенттің тілектерін айқын орындау, қызмет көрсету және тапсырысты орындау уақыт өлшемін ұстану, табақтардың берілу температуралық тәртiбiн және олардың орналасу кезегiн, алкогольді сусындарды беру ережелерін, ақшалай немесе несие картасы арқылы төлеудiң тәртібі үшін жауапты;
5. Оның қол астындағы тұлғалар жұмыстарына ортақ бақылау – даяршылар мен мейрамхана барменің жұмысын қадағалауға жауапты.
Адамзат цивилизациясының тарихи түрлі себептермен жиналу дәстүрі болмаса, әлде қайда кедейірек болар еді. Бұрында оларды той (пир) деп атаса, қазірде оны банкет деп атайды. Алайда мәні бір – иесі қонақтарға құрмет көрсетіп шақырады, ал қонақтар шақыруды қабыл етеді. Бүгінгі күндері тамақ және ішімдікдермен жаппай мейрамдарды түрлі себептер бойынша ұйымдастырылып түрлі деңгейде өткізіледі. Банкет менеджері қонақтардан өзіне құрметті шақыру керек және сол уақытта өзінің қол астындағы персоналдарға жақсы ұйымдастырушы және басқарушы болу керек. Осылайша, банкетті менеджер ресторан бойынша қызмет көрсетуден ең ірі маманы болады екен. Ол барлық банкеттер типтерін және дәмтатымдарды, тамақты және сусындарды қалай ұсыну керектігін білу қажет. Банкет-қабылдаулар қызмет көрсету формасына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: үстелде даяшылармен толық қызмет көрсету банкеті, үстелде даяшылармен жартылай қызмет көрсету банкеті, фуршет, банкет-коктейль, банкет-шай, аралас қызмет көрсетуімен банкет-қабылдау. Осылардың бастапқы екеуі өз кезегінде таңғы ас, түстік немесе кешкі ас болуы мүмкін.
<ref>
tag; name "source1" defined multiple times with different content