Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (12 желтоқсан 1960, Шәуешек, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай) – Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, Сенаттың экс-депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.
- Қытайдың Шәуешек қаласында туған.
- 1961 жылы Құл-Мұхаммед әулеті тарихи Отаны – Қазақстанға, Семей облысы Мақаншы ауданының Мақаншы ауылына оралды (қазіргі Абай облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы). Қожа руынан шыққан.
- 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
- 1983-1992 жылдары – Қазақ Кеңес Энциклопедиясы Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы қ.).
- 1992-1999 жылдары – «Атамұра» шағын кәсіпорнының директоры, «Атамұра» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының төрағасы, «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы қ.).
- 1994-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік
- университетінде қосымша жұмыс істеді (аға оқытушы, доцент, профессор м. а.) (Алматы қ.).
- 1995 жылы «Қазақстанның XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы әлеуметтік-саяси тарихының проблемалары» тақырыбында тарихтан кандидаттық диссертация қорғады (революцияға дейінгі орыс энциклопедияларының материалдары бойынша).
- 1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы)» тақырыбында заң ғылымы бойынша докторлық диссертация қорғады.
- 1999-2001 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.
- 2001 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК Президиумының 2001 жылғы 31 мамырдағы шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
- 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
- 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі.
- 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы.
- 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.
- Қосымша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.
- 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
- 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.
- 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
- 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
- 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.
- 2016-2018 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
- 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
- 2019 жылғы 28 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып сайланды.
- «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» (1994),.
- «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)».
- Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған.
- 200-ден астам Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыпты ғылыми жарияланымның авторы.
- «Революцияға дейінгі орыс энциклопедияларындағы Қазақстан тарихы проблемалары» (1994).
- «Жақып Ақбаев: саясаткер, патриот, құқықтанушы» (1995),
- «Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары» (1996),
- «Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» (1998),
- «Алашорда көсемдерінің мемлекеттік-құқықтық идеяларының қалыптасуы және дамуы» (1999),
- «Қазақстандағы отаршылдық режим (1868—1917 жж.)» (2000),
- «Заң шығарушылық: проблемалар және ізденістер» (2000),
- «Алаш» бағдарламасы: бұрмалану және шындық» (2000) және т.б.
200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жарияланымның авторы.
- дәрежелі «Барыс» ордені (2020),
- ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016),
- Парасат ордені (2010),
- «Құрмет» ордені (2004),
- «Астанаға 10 жыл» медалі (2008),
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996),
- «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі (2018),
- Астана қаласының құрметті азаматы,
- Абай ауданының құрметті азаматы,
- Аягөз ауданының құрметті азаматы,
- Қазақстанның және шет мемлекеттердің басқа да марапаттары, құрмет атақтары.