Негіздік қабат(базальный слой) — көпқабатты эпителий ұлпасының негіздік жарғақпен (базальды мембранамен) жанасатын төменгі эпителиоциттер қабаты. Негіздік қабат бір қатарда орналасқан пішіні призма тәрізді эпителиоциттерден тұрады. Бұл қабаттағы эпителиоциттер цитоплазмасында тонофиламенттерді (болашақ тонофибриллалар — арнайы органелла) құрайтын ерекше белоктар түзіледі. Негіздік қабат эпителиоциттері көпқабатты эпителий ұлпаларының сыртқы бетіндегі ескірген эпителий жасушаларының орнын басып, оларды ауыстыратын, жаңа жас эпителий жасушалардың түзілуін қамтамасыз ететін діңгекті жасушалар қызметін атқарады, яғни олар митоз арқылы үздіксіз бөлініп көбейіп отырады. Сондықтан, негіздік қабат - эпителий ұлпасының өсу қабаты құрамына кіреді.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |