Олжас Абайұлы Бектенов | ||||
Бектенов, 2024 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
6 ақпан 2024 жылдан бастап | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Ізашары | Әлихан Смайылов Роман Скляр (м.а.) | |||
| ||||
3 сәуір 2023 — 6 ақпан 2024 | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов | |||
Ізашары | Мұрат Нұртілеу | |||
Ізбасары | Айбек Дәдебаев | |||
| ||||
25 ақпан 2022 — 3 сәуір 2023 | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов | |||
Ізашары | Марат Ахметжанов | |||
Ізбасары | Асхат Жұмағали | |||
| ||||
маусым 2019 — 25 ақпан 2022 | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2001) | |||
Ғылыми дәрежесі | заң ғылымдарының кандидаты | |||
Мамандығы | заңгер | |||
Дүниеге келуі | 13 желтоқсан 1980 (43 жас) Алматы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Әскери қызметі | ||||
Атағы | Жемқорлыққа қарсы қызметтің Генерал-лейтенанты | |||
Марапаттары | ||||
Олжас Абайұлы Бектенов Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Олжас Абайұлы Бектенов (13 желтоқсан 1980 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, заңгер және 2024 жылғы 6 ақпаннан Қазақстан премьер-министрі.
Бұрын Бектенов Президент Әкімшілігінің басшысы (2023–2024), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) төрағасы (2022–2023) сияқты лауазымдар иесі болған.[1]
2001 жылы Олжас Бектенов Қазақ мемлекеттік заң академиясындағы заңгер мамандығы бойынша оқуын бітірді.
2005 жылы Бектенов заң ғылымдарының кандидаты болды.[2] Оның орысша диссертациясының тақырыбы «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылықтарының алдын алудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» болған.[3]
Өз еңбек жолын Бектенов 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастады.[4] Бұл қызметте ол 2005 жылға дейін болды.[1]
2005–2006 жылдары ол Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды. Одан кейін ол 2009 жылға дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды.
2012 жылы ол — Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы. Бұл қызметі 2014 жылы аяқталды.
2015–2016 жылдары ол Астана әкімі аппаратының басшысы, Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болса, 2016–2017 жылдары ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Антикор) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болған.
2017 жылдан 2018 жылға дейін ол — Ақмола облысы әкімінің орынбасары және 2018 жылдан 2019 жылға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары еді.
2019–2022 жылдары Бектенов Антикор төрағасының бірінші орынбасары болса, 2022–2023 жылдары ол бұл агенттіктің төрағасы болған.
2023 жылғы 3 сәуірден бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.[5]
2024 жылғы 5 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер Әлихан Смайылов басқарған үкіметті қызметінен босатты да,[6] 6 ақпанда Олжас Бектеновті елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындады. Бектеновтің кандидатурасын Мәжілістің 69 депутаты қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды.[7]
Олжас Бектенов 2-дәрежелі "Айбын" (2014), 2-дәрежелі "Даңқ" (2021) ордендерімен марапатталған.[8]
Оған қоса Бектенов — Жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты.[1]
Олжас Бектенов үйленген және оның үш баласы бар.[1]
|