Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы өзб. Oʻzbekiston Oliy Majlisining Qonunchilik palatasi | |
---|---|
Заң шығару палатасы ғимараты | |
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Өзбекстан |
Құрылған уақыты | 2002 жыл |
Штаб-пәтері | Ташкент, Бунёдкор шоһ көшесі, 1-ші үй |
Спикері | Нұрдинжон Исмаилов, ӨХДП |
Мүше саны | 150 |
Ресми сайты | |
parliament.gov.uz |
Өзбекстан Заң шығару палатасы (өзб. Oʻzbekiston Qonunchilik palatasi), ресми атауы – Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң Шығару палатасы (өзб. Oʻzbekiston Oliy Majlisi Qonunchilik palatasi[1]) — Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің төменгі палатасы. Палата 150 мүшеден тұрады;[2] дәл қазір оның 89-ы Үкімет коалициясының және 61-і оппозицияның ішінде.
Сайлау күніне он сегіз жасқа толған Өзбекстан Республикасының азаматтары сайлау құқығына ие. Сайлау күніне жиырма бес жасқа толған және Өзбекстан Республикасында кемінде бес жыл тұрған азаматтардың Заң шығару палатасына сайлануға құқығы бар.
Заң шығару палатасына сайлау өткізу үшін бір жүз отыз бес аумақтық сайлау округі құрылады. Заң шығару палатасына сайлау өткізу үшін бір жүз отыз бес аумақтық сайлау округі құрылады. Әр округтен бір депутат сайланады. Заң шығару палатасының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін Орталық сайлау комиссиясы құрады. Бұл Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің (Парламентінің), Облыстық әкімдіктердің және Ташкент қаласының ұсынысымен жасайды. Сайлау округтерiнiң тiзiмдерiн олардың шекаралары мен сайлаушылар санын көрсете отырып, Орталық сайлау комиссиясы сайлауға кемiнде жетпiс бес күн қалғанда жариялайды.