Абдулов Осип (16.11. 1900 жылы - 14.6.1953 жылы) орыс актері, режиссер, педагог. [1].
РКФСР халық арт. (1944), мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1951). 1923-1925 жылдары А. В.Комиссаржевский атындағы театрдың актері. Сондай-ақ МХАТ-тың, сатира театрының, Моссовет атындағы театрдың артисі болды. Тамаша комедиялық актер ашық жарқын комедиялылық пен нәзік юмор мен иронияны бере алатын өткір мінездік рөлдердің үлкен шебері. Бүкілодақтық радионың көркемдік бағдарламаларын жасаушылардың, радиотеатрдың негізін қалаушылардың бірі. Абдулов 30 жылдай дерлік радиода жұмыс істеді (192453).
Алғашқы дикторларды-ң бірі болды, актер ретінде, қойылымдық хабарлардағы әңгімелерді баяндаушы, актерлердің өлеңдерін орындаушы ретінде өнер корсетті. Радиотеатрдың режиссеры ретінде көп жұмыс істеді. 200-ден аса радиоспектакльдерді койды, олардың ішінде Р.Ролланның "Кола Брюньоны", А.Доденің "Терасконнан шыққан Таршарені", Ч.Диккенстің "Пиквик клубы", Н.Гогольдің "Шинелі", М.Горькийдің "Мальва" мен "Макар Чудрасы" және басқалары бар. Әсіресе онын балаларға арналған көркемдік радио хабарларын ұйымдастырудағы рөлі ерекше маңызды болды.
Абдуллов 1933 жылы киноға түсе бастады. 20 фильмге түсті. Әсіресе "Қазыналар аралы" (Джон Сильвер), "Шошқашы мен бақташы" (буфетші), "Үйлену тойы" (Дымба) фильмдерімен ерекше таныс. Абдуллов 1929 жылы педагогикалық қызметпен айналысты (алғашында Ю.Заводскийдің Театр-студиясында, кейіннен ГИТИС-те).
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|