РД-33

РД-33 — турбореактивті екіконтурлы екібілікті форсажды камерасы бар қозғалтқыш. 1968-1985 жылдары С. П. Изотов пен В. В. Старовойтенковтің басшылығымен «Климов» ААҚ-да жасалып шығарылған. Барлығы 5000-ға жуық РД-33 қозғалтқышы шығарылған. Өз классындағы ең көп өндірілген екіконтурлы қозғалтқыш.

Бір РД-33 қозғалтқышының шамалы бағасы 68,3 млн Ресей рублі (2008 жылға сәйкес).[1]

РД-33 жобалау жұмыстары 1968 жылы басталды. Стендтік сынақтар 1972 жылы өтті. Жаппай тапсырулар 1981 жылы басталды. 1984 жылы қозғалтқыштың мемлекеттік сынақтары аяқталды, ал 1985 жылы қозғалтқыш қарулануға алынды.

2001 жылы жобаланған қозғалтқыштың РД-33МК модификациясы 2012 жылы мемлекеттік сынақтардан өтті. РД-33МК жақсартылған сипаттамаларға ие болды: қозғалтқыштың жұмыс қоры 4000 сағатқа артты, турбинаның алдындағы газдардың температурасын арттыру арқылы тарту күші 7%-ға артты. Сонымен қатар қозғалтқышқа FADEC жүйесі орнатылды.

  • Отечественные газотурбинные двигатели. Основные параметры и конструктивные схемы — Машиностроение. — 2005. — ISBN 5-217-03254-5.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]