Раусу тауы страто жанартау болып табылады. Раусу Жапониядағы Хоккайдоның Ширетоко түбегінде орналасқан. Раусу тауы Жапониядағы белгілі 100 таудың бірі болып табылады. Таудың Оннебетсу және Ширетоко деп аталатын негізгі шыңдары бар. Раусу тауы Ширетоко түбегіндегі ең биік тау болып табылады.
Хоккайдо аралы - Жапониядағы негізгі төрт аралдың бірі. Ол көлемі бойынша Хонсюдан кейінгі орынды иеленеді. Раусу тауы - Хоккайдо аралының солтүстік-шығысында орналасқан жанартау. Бұл таудың ашылу фестивалі жыл сайын 3 шілдеде өткізіледі. Себебі, дәл осы уақытта тауға шығу науқаны басталады.
Раусу тауы Шари және Раусу қалаларының арасында орналасқан. Раусу тауынан Жапониядағы қоңыр аюды кездестіруге болады. Раусу тауы өзінің әдемілігімен, жабайы табиғатымен және адам аяғы баспаған жұмбақ жерлерімен танымал. Тау бүкіләлемдік мұра болып табылады.
Раусу тауының биіктігі 506 м-ді құрайды. Раусу тауының маңында Раусу елді мекені бар. 2010 жылғы санақ бойынша онда 6010 адам болған. Елді мекен 400 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Раусу стратожанартаулардың бір түрі болып табылады. [1]