Рейтинг

Рейтинг[1] (ағылш. ratіng) — белгілі бір объекттің маңыздылығын сипаттайтын реттік нөмір немесе сан, мысалы

  • Белгілі қайраткердің (саясат,мәдениет, т.б. саласындағы) танымалдылық деңгейі. Ол қоғамдық пікірді жинақтау арқылы анықталады;
  • Ойындардың нәтижелеріне орай өзгеріп отыратын шахматшының жеке сандық көрсеткіші;
  • Жоғары оқу орындарында студент білімін бағалау тәсілдерінің бірі.

Рейтинг бойынша студенттің семинар барысындағы әрбір еңбегіне балл қойылып отырады. Семестр соңында студент білімі оның жинаған балына орай бағаланады.

Рейтинг, рейтингтік бақылау (Rating - класс, разряд, дәреже, баға, қоғамдағы орны деген сөзінен алынған) - әр жұмыс оқулығын (модульді) оқуды логикалық аяктайтын және тыңдаушылардың алған жүйелеу дағдыларын инженерлік, экономиқалық, басқару шешімдерін талдау, жүйелеу және болжау іскерліктеріне ауыстыру қабілегін қалыптастыруға әкелетін жүйелі бақылау. Пәнді оқудың модульдік формасында модульдердің (жұмыс оқулықтары) саны мен мазмұны, олардың әр қайсысында теориялык және тәжірибелік бөліктерінің ара қатынасы, олардың кезегі, үй тапсырмасын орындау графигі, қорытынды бақылаудың мазмұны мен формасы анықталады әр модуль шеңберінде студенттің пәндік білімдермен де және оны қолдану тәсілдерімен де ісі болады, сондықтан модуль бойынша бақылау мазмұнды, іс-әрекет сипатында және аралас (материалды оқудың, экспериментті орындадың немесе есеп шығардың) болады. Рейтингті бақылау оқыту және кері байланыс жасау құралы болып табылады, мотивациялық және тәрбиелік қызметті іске асырады, өзін-өзі бағалау және өзінөзі бақылау іс әрекетінің дағдысын дамытады.[2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша энциклопедия 7 том.
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6