Ризабек Айтмұхан | |
Жеке мағлұматтар | |
---|---|
Жынысы |
ер |
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Кәсіби карьерасы |
2022— |
Ризабек Айтмұхан (29 сәуір 2004 жыл, Алматы) — қазақ еркін күрес балуаны. Қазақстан чемпионы 2023. Әлем чемпионы 2023.[1]
2023 жылы 7 ақпанда 18 жасында ересектер арасында еркін күрестен Қазақстан чемпионы атанды.
2023 жылы 18 қыркүйекте еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтынды жеңіп алды. Ризабек алғашқы айналымда Мажарстан балуанын 13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде 2023 жылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты. Финалда Ризабек әзірбайжандық Осман Нурмогамедовпен белдесіп, жеңімпаз атанды.