Сайран | |
![]() | |
Сайран көлі | |
Морфометрия | |
---|---|
Көлемі | 2,3 млн км³ |
Ең терең жері | 18 м |
Орташа тереңдігі | 12,1 м |
Орналасуы | |
43°14′35″ с. е. 76°51′55″ ш. б. / 43.243° с. е. 76.8652° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°14′35″ с. е. 76°51′55″ ш. б. / 43.243° с. е. 76.8652° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | ![]() |
Аймақ | Алматы |
![]() |
Сайран — Алматы қаласы, Әуезов ауданында орналасқан жасанды көл. Үлкен Алматы өзенінің суқоймасы деп айтуға болады. Өтеген Батыр, Төле би, Тілендиев көшелері және де Абай даңғылымен шектелген. Төле би көшесінде бөгеті орналасқан. Қасында өзімен аттас Сайран автовокзалы орын тепкен.[1]
Су көлемі — 2,3 млн м³, орташа тереңдігі — 12,1 м, ең терең жері — 18 м. Суық мезгілдерде көл сусыз.[2]
Сайран бөгеті 1971 жылы салынды. Көл айналасы көріктендіріліп, әдемі жағажайы мен су қайық бекеттері ұйымдастырылып, қала тұрғындарының демалыс орнына айналған болатын. Уақыт өте бұл көлдің айналасы қоқысқа толып, қайта-қайта суының ластануына байланысты бірнеше рет суын және айналасын тазарту жұмыстары жасалды.[3]
2006 жылы қадірі кете бастаған көлге серпін беру мақсатында көл ортасында 50 метр биіктікке су атқылайтын фонтан салынған болатын. 2008 жылдан бастап фантан жұмыс істемеді.[4]
2010 жылы 10 желтоқсанда «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының ғимаратында Әлеуметтік шиеленістерді қарастыру мен шешу жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес аясында Алматы қаласының экологиялық жағдайы қаралды. Осыған орай Кеңеске Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Сұлтанбек Мәкежанов арнайы шақырылып, Сайран көліне қатысты жобасын ұсынған болатын[5]:
“ | Мәселен, қала суаттары мен өзендерді тазалау мен жақсарту жұмыстарына арналған бағдарлама бойынша 2011 жылы Алматы өзендері мен көл маңдарына демалыс орындарын жасауды жоспарлап отырмыз. Ал Сайран көлін жазда суға түсетін, қыста мұз айдыны ретінде қолдану жайын қарастырып жатырмыз. Осы сынды демалыс орындары Қонаев атындағы үлкен Алматы су арнасында және тағы басқа да өзен арналарында жасалатын болады.
|
” |
2012 жылы Алматыда мәдениетті дамыту жылы деп жарияланып, қала әкімі Ахметжан Есімовтің қала тұрғындарымен көздесуінде Сайран көлін абаттандырып, океанариум құрылысын бастау көзделіп отырғандығы жайлы айтылды.[6]
2012 жылғы мәліметтерге сүйенсек бұл көл шомылуға мүлдем жарамайды. Бірақ болашақта көлді қаланың көрікті демалыс және туристік орнына айналдыру жобалары қарастырылуда.
2013 жылы Сайран көлінің шығыс жағалауындағы 0,6 гектар жер аумағында океанариум құрылысын бастау жоспарлануда.[7]
![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Lake Sayran |