Саған

Саған

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Астеридтер
Тұқымдасы: Amaranthaceae
Тегі: Girgensohnia
түрлері

5 түрі белгілі

Саған, гиргенсония (лат. Girgensohnia) – алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер немесе жартылай бұта. Қазақстанда 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – қарамақарсыгүлді С. (G.oppositifl ora) Каспий жəне Арал теңіздері маңында, Торғай үстіртінде, Сарыарқаның батыс жəне шығыс ұсақ шоқыларында, Солтүстік жəне Оңтүстік Үстіртте, Бетпақдала шөлінде, Жетісу жəне Іле Алатауларында, т.б. жерлерде өседі.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биіктігі 10-50 см. Қатты сабағы қызғылт түсті, бұтақтанған. Жапырағы біз немесе үшқырлы біз тəрізді, көбіне доға тəрізді иіліп тұрады жəне ұшында қысқа тікені, жиегінде қысқа кірпікшелі түгі болады. Сирек гүлі масақ гүлшоғырына топтасқан. Гүлжапырағы қайықша тəрізді, гүлсерігінен қысқа. Гүлсерігінің жапырақтары жұмыртқа тəрізді немесе ұзынша келген, түбіне дейін жеке-жеке тұрады, жемістенген кезде олардың үшеуі қанатқа айналады. Тозаңдығының біз тəрізді қосымша өскіні ақ түсті, түйінінің үстіңгі бөлігін қысқа түк басқан, аналық аузы қысқа болады. Маусым–тамыз айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі қысыңқы, сырты тықыр, сарғыш қоңыр жеміс серігі бар. Шөл даладағы құмдақ, сор, ұсақ тасты топырақты жерлерде өседі. Ал қос қанатты С.(G.diptera) тек Түркістанда сор, ұсақ тасты жəне малтатасты жерлерде өседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5