Светлый

Светлый
ғағ. Svetliy
Әкімшілігі
Ел

 Молдова

Аймағы

Ғағауызстан

Ауданы

Комрат

Ішкі бөлінісі

коммуна

Тарихы мен географиясы
Координаттары
Құрылған уақыты

1913

Бұрынғы атаулары

Деневица, Новая Деневица

Жер аумағы

30,0 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

2004 адам (2015)

Тығыздығы

70 адам/км²

Ұлттық құрамы

13.33%–молдовандар, 12.06%–украиндар, 9.88%–орыстар, 35.85%–ғағауыздар, 27.24%–бұлғарлар, 0.05%–поляктар, 0.16%–сығандар, 1.43%–басқа ұлттар.(2004 ж.)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

373 298

Пошта индексі

MD-3822

Автомобиль коды

GE -- ---

Светлый (ғағ. Svetliy, рум. Svetlîi) — Молдованың оңтүстігінде, Ғағауызстан автономиялық аумақтық бірлігіне кіретін коммуна. Жерінің аумағы 30,0 ш.км., бұл аудан аумағының 3,5% құрайды.

Светлый коммунасы Ғағауызстан автономиялық аумақтық бірлігі кіретін Молдова Республикасының Комрат ауданында орналасқан. Коммуна екі ауылдан тұрады: Светлый және Алексеевка. Әкімшілік орталығы - Светлый ауылы. Коммуна елдің оңтүстігінде, аудан орталығы Комрат қаласынан 35 км және ел астанасы Кишиневтан 140 км қашықтықта орналасқан. Бұрынғы атауы - «Новая Деневица». Ауылдың негізі 1913 жылы қаланған. Светлый коммунасы Украина шекарасынан 30 км (Болград қаласына дейін 45 км) және Румыния шекарасынан (Еуроодақ) 40 км қашықтықта халықаралық маңызы бар тас жолда орналасқан. Светлый ауылынан екі шақырым жерде Чалык және Самурза ауылдары орналасқан.[1]

01.01.2015 жылғы жағдай бойынша Светлый коммунасының халқы 2004 адам немесе аудан халқының 3,0% құрады: ғағауыздар - 733, бұлғарлар - 453, молдовандар - 344 адам және басқа ұлттар. Еңбекке қабілетті жастағы халық саны -64,3% (1346 адам) болды.[2]

«Жаңа Деневица» коммунасын 1913 жылы XIX ғасырдың басында Шығыс Пруссиядан көшіп келген неміс колонизаторларының ұрпақтары құрды. Бұл 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысынан және 1812 жылы 16 мамырда Бухарест бейбітшілік келісіміне сәйкес Бессарабияның Ресейге қосылуынан кейін болды. Басында Дунайдың арғы жағынан эмигранттар Бессарабияға - ғағауыздар, бұлғарлар, гректер, сербтер және т.б. қоныс аударды.

Светлыйдағы православие шіркеуі

Бірақ 1814 жылдан бастап император Александр I неміс эмигранттарына Шығыс Пруссиядан және Германияның басқа аймақтарынан қоныс аударуға рұқсат берді, олардың саны XIX ғасырдың 40-жылдарында 26 мың адамға жетті. Немістер жаңа қоныстарды құра отырып, атауларын өздері келген жерімен байланыстырып атады. Осылайша, 1834 жылы Арциз ауданында "Деневица" деп аталатын жаңа қоныс құрылды.

Шамамен 100 жыл өткен соң, бұрынғы неміс колонизаторларының ұрпақтары Кишинев - Болград тас жолында Молдова астанасынан оңтүстікке қарай 150 шақырым жерде Ялпуг өзенінің оң жағалауында "Жаңа Деневица" қонысын құрды. 1913 жылы 21 адамнан тұратын қоныс аударушылардың бірінші тобы бай жер иелері Альфред Шленгер мен Джулия Шпонердің жесірінен әрқайсысы жер сатып алып, келесі жылы 1920-1930 жылдары басқа немістер көшіп келді. Немістер 2-3 отбасына арналған үлкен үйлер салды. Үйлер күйдірілген кірпіштен жасалған және қызыл плиткамен қапталған. Бүгінде Светлыйда осындай екі үй ғана сақталған. 1940 жылға қарай 42 үй салынды.[3]

1950 жылдың 3 шілдесіндегі МССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Деневица Светлый селосы, ал Деневица ауылдық кеңесі Светлий селолық кеңесі болып өзгертілді.[4] Светлый кентінің тарихы "Чалык", "Деневица" совхоздарының, "28 маусым" колхозының тарихымен, сондай-ақ Алексеевка, Жаңа Кортен, Самурза, Чалык елді мекендерінің тарихымен тығыз байланысты. Аталған ауылдар ұзақ уақыт бойы Деневица ауылдық кеңесінің әкімшілік бағынысында болды, ал 1954 жылы "Деневица" және "Чалык" совхоздары бір шаруашылыққа – "Чалык"совхозына біріктірілді. 1995 жылдың көктемінде Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігіне кіру мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдумда Светлый және Алексеевка ауылдарының тұрғындары автономия құрамына кіруге дауыс берді.[5]

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі - ауыл шаруашылығы - дәнді дақылдар, күнбағыс, бақша, жүзім және басқа да дақылдар өсіріледі. Светлый коммунасында Молдова Республикасының оңтүстігінде ауылшаруашылық мамандарын дайындауда маңызды рөл атқаратын Агро-технологиялық колледж орналасқан.

Орман алқабы 35,5 га. мұнда акация, жаңғақ, өрік ағаштарын кездестіруге болады. 10 га орман бар, онда үйеңкі, балқарағай, акация, ақмия өседі. Орман екпелерінде түлкілер, қасқырлар, қояндар, күзендер кездеседі. Аң аулауға, кейбір түрлеріне рұқсат етіледі, популяция саны бақыланып және реттеліп отырады. Ауданы 6 га Кундук көлі бар. Ауылдың жанында үлкен Таракли су қоймасы орналасқан, онда балық аулауға арналған аймақ бар. Таракли су қоймасы -елдің оңтүстігіндегі ең үлкен жасанды көлдердің бірі. Ол сексенінші жылдардың соңында құрылды, оның жалпы ауданы 15 шаршы км. Көл өте көркем, мұнда бірқазандарды, аққуларды, үйректерді т.б.кездестіруге болады.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Коммунадағы көшелер саны: Светлый ауыылында – 10 көше, Алексеевка ауылында – 4 көше. Жолдардың жалпы ұзындығы 19,3 км құрайды, оның ішінде қатты жабыны бар жол – 6,8 км. Светлый коммунасы Кишинев-Джурджулешт ұлттық маңызы бар тас жолында орналасқан.

1969 жылы 960 орындық үш қабатты орта мектеп ғимараты мен мектеп шеберханалары пайдалануға берілді. 1982 жылы 750 орындық мәдениет үйі ашылды. 1972 жылы ауылдық кеңестің әкімшілік ғимараты, тұрмыстық қызмет көрсету үйі, ветеринарлық емхана салынды. 1986 жылы 200 орындық балабақша пайдалануға берілді.[6]

Светлый коммунасының аумағында қазір: 2 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 1 лицей, аграрлық-технологиялық колледж, мәдениет үйі, 4 кітапхана, денсаулық орталығы бар.

Коммуна аумағында 3 артскважина орналасқан және барлығы жұмыс жағдайында, 147 құдық бар, оның 92-сі санитарлық нормаларға жауап береді. Коммунада 747 үй мен пәтерлер бар, оның 10,0% орталықтандырылған сумен жабдықталған, 73,6% газдандырылған, 43,4% кәріз желісіне қосылған.

Діни ғимараттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2007 жылы коммунада жаңа православие шіркеуі салынды, ол бірден Молдовадағы ең әдемі шіркеулер тізіміне енді. Ол ерекше архитектуралық сымбатымен және стилімен ерекшеленеді. Діни сенімі бойынша, Светлый коммунасы тұрғындарының 95% - ы православтық христиандарға жатады, қалған 5% - ы Евангелистік христиандар.

Фермерлік шаруашылықтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Егін жинау маусымында туристерді қызықтыра алатын алма мен шабдалы бақтары бар. 74 ауылшаруашылық кәсіпорны, 1 диірмен, 1 өндірістік және қайта өңдеу кәсіпорны тіркелген.

Қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шағын кафе, бір бар, 14 сауда кәсіпорны, 2 азық-түлік дүкені және т.б.бар.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://raioncomrat.md/naselennyie-punktyi/komunna-svetlyiy/ Географическое положение. Историческая справка ком. Светлый
  2. https://www.gagauzia.md/ru/administracziya-regiona/primarii/primariya-s.-svetlyij.html Примария с. Светлый
  3. https://media-inform.com/2094427/1/svetlyy-gagauziya.html Мұрағатталған 12 шілденің 2021 жылы. Светлый (Гагаузия)
  4. https://www.gagauzia.md/ru/ato-gagauziya/naselennyie-punktyi/komratskij-rajon/s.-svetlyij.html с. Светлый
  5. https://gagauznews.md/68745/entsiklopediya-toponimov-gagauznews-svetlyj.html Мұрағатталған 12 маусымның 2021 жылы. Энциклопедия топонимов GagauzNews: Светлый
  6. https://raioncomrat.md/naselennyie-punktyi/komunna-svetlyiy/ Администрация Комратского района