Сергей Александрович Терещенко

Сергей Александрович Терещенко
укр. Сергій Олександрович Терещенко
Сергей Александрович Терещенко
Терещенко, 2016 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстанның 1-премьер-министрі
Ту
Ту
16 желтоқсан 1991 — 14 қазан 1994
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Ізашары лауазымы құрылды, Қазақ КСР премьер-министрі ретінде өзі
Ізбасары Әкежан Қажыгелдин
Ту
Ту
Қазақ КСР 2-Премьер-министрі
Ту
Ту
16 қазан — 16 желтоқсан 1991
Ізашары Ұзақбай Қараманов
Ізбасары лауазымы ыдырады
Ту
Ту
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылымының депутаты
Ту
Ту
24 сәуір 1990 — 13 желтоқсан 1993
Отан партиясы төрағасының міндетін атқарушы
1 наурыз 1999 — 21 қазан 2002
Ізашары лауазымы құрылды
Ізбасары Амангелді Ермегияев
Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев
Өмірбаяны
Партиясы КОКП (1975–1991)
Отан төрағасы міндетінің атқарушысы (1999–2002)
Нұр Отан саяси кеңесінің мүшесі (1999, 2019)
Білімі Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1973)
Ғылыми дәрежесі Экономика ғылымдарының кандидаты
Мамандығы инженер-механик
Дүниеге келуі 30 наурыз 1951 (1951-03-30)
Лесозаводск, Приморье өлкесі, РКФСР, КСРО
Қайтыс болуы 10 ақпан 2023 (2023-02-10) (71 жас)
Әкесі Александр Иванович Терещенко[1]
Анасы Тамара Ивановна
Жұбайы Евгения Григорьевна Терещенко (1950 туған)[2]
Балалары қыздары Нина (1974) және Елена (1978)[2]
Әскери қызметі
Атағы запастағы полковник[2]
Марапаттары
Сергей Александрович Терещенко Ортаққорда

Сергей Александрович Терещенко (укр. Сергій Олександрович Терещенко; 30 наурыз 1951, Лесозаводск10 ақпан 2023) — кеңестік және қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР 14-үкімет басшысы және тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі (1991–1994).

Анасы — Тамара Ивановна және әкесі Александр Иванович Терещенко — Түлкібас ауданында болған «Победа» колхозының төрағасы, бірнеше орденнің, соның ішінде Ленин орденінің иегері, Социалистік Еңбек Ері,[1] Ванновка округінен сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі VIII–IX шақырылымдарының депутаты[3][4] болған. Әкесі Иван Терещенконың тағы Алексей мен Павел есімді ұлдары болған, олар соғыста қайтыс болған.[1]

Терещенко 1951 жылғы 30 наурызда Кеңестік Ресейдің Приморск өлкесіндегі Лесозаводск қаласында дүниеге келген. Ұлты — украин.[1] 1969 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына қоныс аударып, Қазақ ауыл шаруашылығы институтында инженер-механик мамандығы бойынша білім алып, оны 1973 жылы бітірді. Оқуын бітіргеннен кейін Терещенко Шымкент қаласындағы колхоздың бас инженері қызметіне жіберілді. 1975 жылы Түлкібас аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, төрт жыл қызмет етті. Қызметтен кеткеннен кейін жеті жыл ішінде Терещенко Шымкентте жергілікті партия-атқарушы лауазымдарды атқарды.

1987 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (1993).

1990 жылғы көктемде Терещенко Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Сол қызметтен кеткеннен кейін бір жарым жылдай Шымкентте компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1990 жылғы сәуірден мамырға дейін ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қысқаша мерзімге вице-президент болып сайланды.[5] 1991 жылдың қалған айларында Терещенко Қазақ КСР Премьер-министрі қызметін атқарды.[6] 16 желтоқсанда ел тәуелсіздік алған кезде ол жаңадан құрылған Премьер-министр қызметіне тағайындалды. Оның үкіметі кезінде бұрынғы мемлекеттік компанияларды жекешелендіру жұмыстары басталған.[7] Ол сондай-ақ елдегі экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін атқарушы билікті күшейтуді ұсынды.[8]

1994 жылғы мамырдың соңында Жоғарғы Кеңес Терещенко үкіметіне қарсы сенімсіздік вотумын қабылдағанда Терещенко жеңіліске ұшырады. 12 қазанда ішкі істер министріне қатысты сыбайлас жемқорлық дауына байланысты президент Нұрсұлтан Назарбаев оны қызметінен босатты. Терещенконың мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін оның ізбасары болып Әкежан Қажегелдин сайланды. Қызметінен босатылғаннан кейін ол негізгі мақсаты Қазақстанның әлемдік аренаның экономикалық, саяси және мәдени кеңістігіне интеграциялану үдерісін бастау болып табылатын «Интеграция» халықаралық қорының президенті қызметін атқарды. 1998 жылы ол Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке қайта сайлануын қолдағандардың қатарында болды.[9]

1999 жылғы наурыздан 2002 жылғы қазанға дейін ол — өз қатарларында 300 мыңнан астам адамы бар "Отан" Республикалық саяси партиясы төрағасының міндетін атқарушы. 2002 жылғы қарашадан бастап Терещенко — Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары (іс жүзінде оның басшысы, өйткені төрағасы Президент Назарбаев болған). 2004 жылғы 15 сәуірден бастап ол — Қазақстанның сақтандыру нарығына қатысушылар қауымдастығының президенті болса, 2010 жылғы ол наурызда ұлттық омарташылар одағын құрды.

2023 жылғы 10 ақпанда, 71 жасында қайтыс болған.[10]

Терещенко этникалық украин болды.[1] Жұбайы Евгения Григорьевна (1950 жылы туған) орыс тілі әдебиетінің мұғалімі болған. Олардың Нина (1974) және Елена (1978) атты екі қызы болды.[2]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d e Ковалева, Л. ЧЕЛОВЕК ИЗ «ПОБЕДЫ»  (орыс.). Южанка.kz (2 августа 2017). Тексерілді, 9 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 23 наурыздың 2023 Wayback Machine мұрағатында
  2. a b c d Терещенко Сергей Александрович (персональная справка)  (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 9 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 2 қарашаның 2023 Wayback Machine мұрағатында
  3. №141 (14 7347) — Казахстанская правда газеті, 1971. — Б. 1—4.
  4. №63 (13 444) — Казахстанская правда газеті, 1967. — Б. 1—3.
  5. Vasiliev, Alexei Орталық Азия: Посткеңестік замандағы саяси және экономикалық қиындықтар = Central Asia: Political and Economic Challenges in the Post-Soviet Era — Saqi, 2013.
  6. Постановление Верховного Совета Казахской ССР от 16 октября 1991 года Об утверждении тов. Терещенко С.А. Премьер-министром Казахской ССР  (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  7. Elgie, Robert; Moestrup, Sophia Кавказ бен Орталық Азиядағы жартылай президенттік = Semi-Presidentialism in the Caucasus and Central Asia — 2016. — ISBN 9781137387813.
  8. Wyzan, Michael Lewis Экономикалық тәуелсіздікке деген тұңғыш қадамдар: Посткоммунистік әлемдегі жаңа мемлекеттер = First Steps Toward Economic Independence: New States of the Postcommunist World — 1995. — ISBN 9780275947170.
  9. Kazakh ex-premier Tereshchenko explains support for president's re-election  (ағыл.). BBC News (26 November 1998).
  10. Тұңғыш Премьер-Министр Сергей Терещенко қайтыс болды  (қаз.). Qazaqstan (10 ақпан 2023). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  11. Указ Президента РФ от 12 декабря 2004 г. N 1552 "О награждении орденом Дружбы граждан Республики Казахстан"  (орыс.). правотека.ру (12 декабря 2004). Тексерілді, 29 наурыз 2024.
  12. Заместитель Председателя Ассамблеи народов Казахстана С.А. Терещенко награжден орденом «Алғыс»  (орыс.). Қазақстандағы Митрополиттік аймақтың ресми сайты (20 января 2012). Мұрағат көшірмесі 3 сәуірдің 2018 Wayback Machine мұрағатында