Слесарлық аспап (нем. Schlosser) — түйіндік және жалпылай құрастыру кезінде машина бөлшектерін бір-біріне жалғастыру және қиюластыру жұмыстарында пайдаланылатын құрал-жабдықтар. Машина элементтерін жалғастыру үшін қол және механикаландырылған слесарлық аспап пайдаланылады. Қол аспаптарға оймалы бөлшектерді жалғастыратын стандартты және арнаулы құралдар (кілттер, винт бұрауыштар), бөлшектерді біріктіруге, тойтарма жұмыстарға, т.б. арналған кәдімгі және жеңіл балғалар, серпімді қима дөңгелектер мен шайбалар қондыруға арналған әр түрлі құралдар жатады. Механикаландырылған Слесарлық аспапқа пневмат. және эл. бұрауыштар, балғалар, т.б. жатады. Бұлар машина құрастырушының еңбек өнімд-н 10-20 есе арттыруға мүмкіндік береді де, жаппай және ірі сериялы өндірісте пайдаланылады. Қиюластыру жұмыстарында (егеу, тазалау, түзеу, т.б.) стандартты қол құралдар (егеу, кескіш, бұрғы т.б.) мен арнаулы жабдықтар (үлгі, орауыш, т.б.) пайдаланылады. Өзара алмастырылымдық негізінде қиюластыру жұмыстарын азайтып, еңбек өнімділігін арттыруға болады.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |