Сокхей Сахиб Синг (15.121887 - 23.10.1971) — Үндістанның қоғам қайраткері, ғалым, медецина ғылымының докторы, профессор. Үндістанның, Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың колледждері мен университеттерде білім алды.
1925-1950 жж. Бомбейде Хавкин атындағы институтта істеді, 1932 жылдан оның директоры болды. 1950-1952 жылдары Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы бас директорының көмекшісі. Үндістан Ғылым Академиясының мүшесі. 1953-1958 жылдары Үндістанның ғылыми қызметкерлері Ассоциациясының президенті, Бүкіл үндістандық бейбітшілік Кеңесінің вице-төрағасы және Бүкіл дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесінің мүшесі.
Халықтар арасында бейбітшілікті нығайтқаны үшін Халықаралық Лениндік сыйлықтың лауреаты (1953).