Теріскен (өсімдік)

Теріскен
Krascheninnikovia lanata
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Caryophyllales
Тұқымдасы: Қызылқұйрық тұқымдасы
Кіші тұқымдасы: Chenopodioideae
Тайпасы: Axyrideae
Тегі: Krascheninnikovia
Guldenstaedt
Species

About 7, see text

Синонимдері
  • Eurotia Adans. (nom.illeg.)
  • Ceratoides Gagnebin (nom.rej.)

Теріскен немесе Крашенинниковия (лат. Krascheninnikovia) — Қызылқұйрық тұқымдасының (Amaranthaceae) Алабұталар тармағына (Chenopodіaceaе) жататын бір үйлі шалабұта туысы.

Қазақстанда екі түрі бар:

Далалы шөл және шөлейт жерлерде, тастақты, қиыршық тасты тау бөктерінде өседі. Шілде және қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі 30-80 см. Сабағы бұтақтанған. Жапырағы қандауыр, эллипс пішіндес, оны түк басқан. Гүлі ұсақ, дара жынысты. Гүлшоғыры масақ. Жемісі дәнек. Оны әсіресе түйе сүйсініп жейді. Теріскеннің құрамында 18.9-19.6%сіңімді протеин, 23-25% жасунық , 2,7% май, 8-12% күл бар. 100 кг шөбінде 81,7-92,5%(жазда 48,9-52,4%, күзде 31,3-35,4%)азық өлшемі болады. Отын ретінде де пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы, 1987
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Krascheninnikovia