Тимур Талғатұлы Досмағамбетов

Тимур Талғатұлы Досмағамбетов Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

1 мамыр 1989 (1989-05-01) (35 жас)

Азаматтығы

 Қазақстан

Бойы

172

Салмағы

63

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Қазақстан Ордабасы

Номері

27

Жастар клубы
Қазақстан Торпедо (Көкшетау)
Клуб карьерасы[* 1]
2007 Қазақстан Ақсу 15 (0)
2008—2009 Қазақстан Оқжетпес 41 (7)
2010 Қазақстан Ақтөбе 12 (1)
2011—2012 Қазақстан Оқжетпес 52 (10)
2013 Қазақстан Восток 29 (1)
2014—2015 Қазақстан Тараз 51 (6)
2016 Қазақстан Тобыл 23 (0)
2017 Қазақстан Оқжетпес 30 (4)
2018—2021 Қазақстан Ордабасы 95 (6)
2021 Қазақстан Тараз 6 (3)
2022 Қазақстан Шахтёр 13 (5)
2022— Қазақстан Астана 30 (7)
Ұлттық құрамы[* 2]
2015—  Қазақстан 21 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Тимур Талғатұлы Досмағамбетов (1 мамыр 1989[1]) — қазақ футболшысы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы.

"Торпедо" (Көкшетау) клубының түлегі. 2007 жылы бірінші лигада ойнайтын "Ақсу" клубында карьерасын бастады. 2007 жылғы маусымда барлығы төрт кездесуде ғана алаңға шықты.

2008 жылы туған қаласындағы "Оқжетпес" клубына ауысты. 29 наурызда "Шахтерге" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шығып, бір гол соқты. Бірақ "Оқжетпес" 3:5 есебімен ұтылып қалды. 9 сәуірде Қазақстан кубогында "Ақжайық" қақпасына гол соқты, бұл жолы да "Оқжетпес" ұтылды — 2:3.

2010 жылы "Ақтөбе" сапында ойнап, Қазақстан суперкубогын иеленді және чемпионатта "Ақтөбе" екінші орынға табан тіреді.

2011 жылы "Оқжетпеске" қайта оралды. Бұл кезде көкшеліктер бірінші лигада ойнайтын. Тимур қайта оралғаннан кейінгі тұңғыш голын 4 мамырда ЦСҚА (Алматы) қақпасына соқты. Жыл қорытындысында клубпен бірге Премьер Лигаға оралды.

2013 жылы "Востокқа" ауысты. 2014 жылы "Тобыл" футболшысы атанды. 2017 жылы тағы да "Оқжетпеске" қайта келді.

2018 жылы "Ордабасыға" ауысты.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылы жазда Қазақстан жастар құрамасына шақырылып, Черногрия және Израиль клубтарына қарсы ойнады (0:2, 1:2).

2015 жылы 12 мамырда Алматыда өткен Буркина-Фасоға қарсы жолдастық кездесуде құрама сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Екінші кездесуін сол жылы 10 қазанда ЕУРО-2016 іріктеуі аясындағы Нидерланд құрамасына қарсы өткізіп, 81-минутқа дейін ойнады. Үш күннен соң Латвиямен ойында 68 минут өнер көрсетті.

2016 жылы Әзірбайжан және Қытай құрамаларымен жолдастық кездесулерде ойнады.

Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы құрамаға шақырылмады. Тек 2020 жылы 14 қазанда көптеген футболшылар жарақат алып, құрама бапкері Михал Билек кадрлар тапшы болғандықтан ғана сырт алаңда Беларусь құрамасына қарсы ойынға алаңға шығарды, бұл УЕФА Ұлттар лигасы ойыны болатын

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Ақтөбе»
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2010
  • Қазақстан суперкубогы (1): 2010
Ордабасы
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2019

Астана

  • Қазақстан чемпионы: 2022
  • Қазақстан суперкубогы: 2023

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]