Токугава Тадатэру

Токугава Тадатэру
松平 忠輝
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 16 ақпан 1592 (1592-02-16)
Эдо сарайы
Қайтыс болуы 24 тамыз 1683 (1683-08-24) (91 жас)
Такашима сарайы
Әкесі Токугава Иэясу
Анасы Чаа Ханым

Токугава Тадатэру (16 ақпан 1592 жыл - 24 тамыз 1683 жыл) - Эдо кезеңінің жапон даймесі, Токугава тегінен шыққан алғашқы сегун болып табылатын Такугава Иэясу атты адамның алтыншы ұлы.

Айдаһар жылы Эдо қаласында дүниеге келген, оның анасы Иэясу атты сегунның Чаа атты күңі болып табылады. Балалық шағында оны Тацучийо деп атаған. Такугава Иэясу ұлын Симоцукэ ауданындағы Минагава иелігін басқарған Минагава Хиротэру атты вассалының тәрбиесіне берген.

1599 жылы оған Токугава Иэясу Мусаси ауданындағы Фукая-хан иелігін тарту еткен. Мұрагер етінде танылған. 1602 жылы Симоса ауданындағы Сакура-хан жерін иелік ретінде берген. 1603 жылы Синано ауданындағы Каванакадзима-хан атты иелікке ауыстырылған.

Токугава Тадатэру Сэндай-хан атты иеліктің басшысы болып табылатын Датэ Масамунэ атты адамның Датэ Ироха атты қызына үйленген. 1610 жылы өзінінің ағасының Этиго ауданындағы Такада хан-жерін иеленген. Токугава Тадатэру әскери өнерге, шай рәсімдеріне, өзге ұлттармен қарым-қатынас жасауға қызыққан.

1614 жылы оған Осака шайқасында Эбо қаласында қалу жайлы бұйрық берілген. 1615 жылы Тадатэру Хидэтада атты басшының екінші Осака шайқасына қатысу жайлы ұрұқсатын алған. Бірақ ол бұл шайқасқа қатысуға асықпаған, сондықтан 1615 жылы Такада-хан иелігінен айырылған. Токугава Хидэтада атты сегун оны алғашында Исэ жеріне, кейін Хида және Синано аудандарына жер аударған.

1683 жылдың тамыз айында қартайған Токугава Тадатэру Такашима атты сарайдың абақтысында қайтыс болған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тёрнбулл С. «Самурайлар»,Мәскеу, «АСТ», 2008 жыл. ISBN 978-5-17-040815-3