Түйесораң | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Түйесораң (лат. Kalidium) — Қызылқұйрық тұқымдасының сор қаңбақ туысына жататын аласа бұта.
Биіктігі 10-75 см, көп тармақты, бір жылдық өркені ақшыл. Жапырақтары цилиндр тәрізді, көгілдір түсті, тақыр, ет-женді. Шілде-тамыз айларында гүлдейді және жеміс береді. Жемісі домалақ, ені 1 мм-дей, қызғылт қоңыр, тұқымының беті тегіс, ұсақ бұлдырлы.
Түйесораң Моңғолия, Батыс Қытайда, КСРО-нің Еуропа бөлігінің оңтүстік-шығысында, Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде (Даурияға дейін), Қазақстанның көптеген жерінде (мысалы, Алакөл атырабында, Арал, Каспий маңы, Зайсанда, Бетпақдала т.б.) ылғалды, борпылдақ сор, сортаң жерлерде, ащы көл жағалауларында өседі. Түйесораңды күзде, қыста түйе, қой, ешкі жейді. Түйесораңнан сақар, сода алуға болады. [1]