Феерия

Феерия (фр. feerіe, fee – пері, сиқыршы):

  1. ерекше қойылымдық эффект тудыруға негізделген театр ойын-сауығының бір жанры. Феерияда фантастикалық немесе әдеттен тыс оқиғаларды бейнелеу үшін театр техникасының жетістіктері, жарық, муз. бояу кеңінен қолданылады. Феерия жеке жанр ретінде 17 ғасырда Италияда бой көрсетіп, Англияда өрістеді. 17 – 18 ғасырларда Францияның көптеген опера-балет спектакльдері мен жәрмеңке театрлары ойын-сауықтары Феерия түрінде көрсетілді. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Ресейде де тарады; кезінде реж. М.В. Лентовский мен сахна безендіруші К.Ф. Вальц Феериялары тапқыр да тартымды қойылуымен ерекшеленіп, көрермендер назарын аударды.
  2. Әсер тудыруға негізделген цирк ойын-сауығы. 20 ғасырдың 70-жылдары Қазақстанның театр спектакльдері мен цирк ойын-сауықтарында Феериялық элементтер бой көрсетті.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 IX том