Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Феза Гюрсей | |
түр. Feza Gürsey | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
|
Альма-матер | |
Ғылыми жетекші |
Гарри Джонс |
Атақты шәкірттері |
Ицхак Барс, Метин Гюрсес, Пьер Сикиви, Ацуши Хигучи. |
Несімен белгілі |
|
Феза Гюрсей[1](1921 ж. 7 сәуір – 1992 ж. 13 сәуір) — түрік математигі және физигі[2]. Оның теориялық физикаға қосқан үлесі зор. Соның ішінде хиральды модель және кварк моделінің SU(6) симметриясы бойынша жұмыстарымен танымал.
Феза Гюрсей 1921 жылы 7 сәуірде Ыстанбұлда әскери дәрігер Решит Сүрейя Гюрсей мен химик әрі ізашар түрік ғалымы Ремзие Хисардың отбасында дүниеге келген. 1940 жылы Галатасарай орта мектебін бітіріп, 1944 жылы Ыстанбұл университетінде математика-физика мамандығы бойынша бакалавр білімін алды.
Ыстанбұл университетінде ассистент болып жүргенде Түркия Білім министрлігінің шәкіртақысы арқылы Ұлыбританиядағы Лондон Императорлық колледжінде докторлық дәрежесін алды. Ол кванттық өріс теориясына кватерниондарды қолдану жөніндегі жұмысын 1950 жылы аяқтады. 1950–1951 жылдар аралығында Кембридж университетінде постдокторлық зерттеулерде болғаннан кейін ол Ыстанбұл университетінде ассистент болып жұмыс істеді, 1952 жылы онымен бірге физика кафедрасының ассистенті болып жасаған Суха Памирмен отбасын құрды, ал 1953 жылы доцент атағын алды.
1957–1961 жылдар аралығында Брукхавен ұлттық зертханасында, Принстондағы, Нью-Джерсидегі тереңдетілген зерттеулер институтында және Колумбия университетінде жұмыс істеді. 1960 жылдары ол сызықты емес хиральды лагранжда жұмыс істеді және кванттық хромодинамикаға қатысты нәтижелерді шығарды[3].
1961 жылы Түркияға оралған ол Таяу Шығыс Техникалық Университетінің (МТУ) профессоры атағын алып, МТУ теориялық физика кафедрасының құрылуына қатысты. 1974 жылға дейін МТУ-де оқытушылық жұмысын жалғастырып, ғылыми топ құрады.
1965 жылы Йель университетінде қызметке орналасу ұсынылды, ол Йель университетінде де, МТУ- де де жұмыс істей бастады, 1974 жылға дейін ол МТУ -дегі позициясын тастап, Йельмен жалғастыру үшін Америка Құрама Штаттарында тұруды шешті. Осы жылдар ішінде ол E(6) біртұтас теорияларды құруға қатысты[4].
Гюрсей 1992 жылы Коннектикут штатының Нью-Хейвен қаласында қайтыс болды. Оның артында ұлы Юсуф Гюрсей қалды. Босфор университеті мен Түркиядағы TÜBİTAK бірлескен күшімен құрылған Феза Гюрсей институты оның құрметіне аталған.
Ыстанбұлдағы Феза Гюрсей институты мен Анкарадағы Феза Гюрсей ғылыми орталығы оның құрметіне аталған. Босфор университеті Фейза Гюрсей мұрағатын сақтайды[6].