Филипп Исаевич Голощёкин

Филипп Голощёкин
орыс. Филипп Голощёкин
Филипп Исаевич Голощёкин
Лауазымы
Ту
Ту
Кеңес Одағы Халық комиссарлар кеңесінің Бас Мемлекеттік Төрешісі
Ту
Ту
12 қыркүйек 1933 — 15 қазан 1939
Ту
Ту
КОКП Қазақ аумақтық комитетінің Бірінші Хатшысы
Ту
Ту
19 ақпан 1927 — 12 қыркүйек 1933
Ту
Ту
КОКП орталық комитеті 15-ші және 16-шы съездерінің депутаты
19 желтоқсан 1927 — 10 ақпан 1934
КСРО бас хатшысы Иосиф Сталин
Өмірбаяны
Партиясы РСДЕП (1903–1918)
КОКП (1918–1939)
Дүниеге келуі 9 наурыз 1876 (1876-03-09)
Невель, Витебск губерниясы, Ресей империясы
Қайтыс болуы 28 қазан 1941 (1941-10-28) (65 жас)
Куйбышев, Куйбышев облысы, РКФСР, КСРО (қазіргі Самара, Самара облысы, Ресей)
Туған кездегі есімі Шая Ицикович Голощёкин

Филипп Исаевич Голощёкин (шын аты — Шая Ицикович; 9 наурыз 1876, Невель18 қазан 1941, Куйбышев) — большевик революционер, кеңестік саясаткер, Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1-ші хатшысы (1925–1933), 1932-1933 жылдардағы нәтижесінде 3,1 миллион адам қаза тапқан қазақ ашаршылығын тудырған Қазақ АКСР-дағы ұжымдастыруы үшін есте қалды.

1903 жылдан КОКП мүшесі. Санкт-Петербург, Кронштадт, Сестрорецк, Мәскеуде, сондай-ақ Франция, Германияда большевиктер партиясына араласты. Бірнеше рет ұсталып, айдауда болды. Қазан төңкерісін дайындау және өткізу кезінде Петроград революциясы соғыс коммитетінің мүшесі болып, ішкі және сыртқы байланыс бөлімін басқарды. Тақтан тайдырылған император II Николайдың өзін және отбасын ату жазасын орындауға белсене қатысты. Азамат соғысы жылдарында Пермь, Екатеринбург губерниясы коммиттерінің және Урал облысы коммитетінің хатшысы, Урал облысы әскери комиссары, 3-армия саяси бөлімінің бастығы, БОАК және РКФСР ХКК-нің Түркістан істері жөніндегі комиссиясының мүшесі болды. 1922 – 25 жылдары Кострома губерниясы атқару коммитеті мен РК(б)П Самара губерниясы коммитетінің төрағасы, 1925 – 33 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік коммитетінің 1-хатшысы болып істеді. Голощёкин Қазақстанға келісімен “қазақ ауылы үшін Кіші Қазан” ұранын көтерді. Осы ұран аясында ұжымдастыру саясатын жүзеге асыруда ірі қателіктер жіберді. Мұның салдары ауыр болды. Жедел ұжымдастыру, отырықшыландыру, тіпті урбанизациялау саясаты жаппай ашаршылыққа әкелді. 3 млн. қазақ қырылды, көп бөлігі Қытайға, Ресейге, Түрікменстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Иранға, т.б. өңірлерге босып кетті. Ұлтаралық қатынастар нашарлады, бұрыннан пайдаланылып келген араб әліпбиі өзгертіліп, латын алфавиті енгізілді. 1926 жылдан бастап ішкі Ресейден орыстарды Қазақстанға көшіру күшейді. Ірі бай және жартылай феодалдардың малын тәлкілеу науқаны жүргізіліп, астана Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. 1928 ж. Алматы қаласында Қазақ педагогикалық институты ашылды, одан бұрын Қызылорда қаласында қазақ драма театры бірінші маусымын бастады. 1931 жылы Ақмола – Қарағанды, Түрксіб темір жолы іске қосылды. Алматы, Орал ет комбинаттары, Алматы, Талдықорған, Меркі қант зауыттары жұмыс істей бастады. Қазақ зиялыларын жаппай жазалау саясаты күшейді. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабай, т.б. саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Голощёкин ұлттық пиғылдағы С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Н.Нұрмақов, т.б. қайраткерлермен күресіп, өз дегеніне жетті. Қазақ қызметкерлерін жұмысқа алу төмендеді. Қазақ халқы арасында орталық билікке, оның өкіліне деген наразылық күшейді. Осыған байланысты Голощёкин орнынан алынып, партия басшылығына Л.Мирзоян жіберілді. Қазақстаннан кеткен Голощёкин 1933 – 37 жылдары КСРО ХКК жанындағы бас арбитр болып істеді. 1938 жылы "халық жауы" ретінде изоляторда тұтқындалып, 1941 жылы бір топ әскерилермен бірге Куйбышев қаласында атылды. Кейіннен 1961 жылы ақталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

↑ INFO.SAMARA.RU | ПРЕДСЕДАТЕЛЬ САМАРСКОГО ГУБИСПОЛКОМА ФИЛИПП ИСАЕВИЧ ГОЛОЩЕКИН